Бағыт – Бішкек, мақсат – Азияның биігін бағындыру

Наурыз айының 25-28 күндері аралығында Талдықорған қаласында жалауы желбіреген қол күресінен өткен Қазақстан Республикасының чемпио­натында (мүмкіндігі шектеу­лілер арасында) асалық 28 жасар Нұрзат Елеусізов 60 келі салмақ бойынша жасындай жарқырап, күміс медальды олжалады.

Аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып жүрген Нұрзат Маратұлының бұл республикалық деңгейде өткен жарысқа алғаш рет қатысуы екенін ескерсек, күміс те көңіл тоғытады.
– Енді Нұрзатты қырғыз елінде өтетін Азия чемпионаты күтіп тұр, – дейді жаттықтырушысы Айбол Өмерқұлов. 
Демек, Нұрзаттың бағыты – Бішкек, мақсаты – Азияның биігін бағындыру.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары