АЯҚДОПШЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Өткен аптада шаһар басшысы Балғабай Ыбыраев Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайында "Ақсу" футбол клубымен кездесті.

Жылы жүздесуге қала әкімінің орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы, қалалық футбол федерациясының президенті, "Ақсу" футбол командасының басшысы, футбол ардагерлері, қаланың құрметті азаматтары, "Ақсу" ФК фан-клубы, жас футболшылар, жанкүйерлер мен футбол әуесқойлары және жастар қатысты.

Кездесу барысында қала әкімі Балғабай Жұмағұлұлы команда футболшыларын сәтті қадамдарымен құттықтап, алдағы уақытта да жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен қуанта берулеріне тілектестігін білдірді.

- Команданың құрамы жаңа, жаттықтырушылар да жаңарды. Біз өз тарапымыздан қолдан келгенше барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Жанкүйерлер осы жаңа кезеңде де сіздерден көрнекті ойын күтеді. Сондықтан да, тәжірибелеріңіз бен ерік-жігерлеріңізді сала отырып, нәтижеге қол жеткізулеріңіз қажет, - деді шаһар басшысы.

Іс-шарада клуб басшылығы мен команданың жанкүйерлерінің арасында еркін қарым-қатынас орнап, толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Айта кетейік, біздің футболшылар Қазақстан Республикасы кубогының 1/8 финалына шығып, премьер-лига клубтары ойнайтын II лиганың тарихында бірінші команда болып отыр. Олай болса, аяқдопшыларға тек сәттілік тілейміз.

Суретті түсірген - А.Көшербаев.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары