Аяқдопшылар бәсекесі

Сәрсенбі күні кіші футболдан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті.

Сәрсенбі күні кіші футболдан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткен жарысқа жалпы саны 8 команда қатысты. Шараның ашылуында Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Елеусіз бен полиция капитаны Нұркен Смаилов сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жеребе бойынша жұпталған командалар өзара тартысты ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Бірлесу-Еңбек орта мектебінің командасы I орынды иемденсе,  Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасы II орынға шықты. Төле би атындағы орта мектептің жас аяқдопшылары III орынды қанағат тұтты. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар, медальдар мен кубоктар табыс етілді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары