Ауданның алыптары

Боз кілемде көрерменнің көзайымына айналып, қарсыластарын алып та, шалып та жығатын жас балуандар қатары күн өткен сайын көбейіп келеді. Сірә, оған «Қазақстан барысы», «Әлем барысы», «Азия барысы», «Жас барыс» сынды жарыстар себепкер болса керек.

Жуырда Ақмола облысының Шучинск қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер мен жастар арасында өткен «Жас барыс» республикалық турнирінде 14 облыстан келген 400 балғын төрт күн бойы белдесті. Олардың қатарында алты қарсыласын қатар жеңген Қаракемер ауылының тумасы Жансерік Жұмабай алтыннан алқа тағынып, 100 келі салмақ дәрежесі бойынша «Жас барыс» атанды. Арнайы кубок та Жансеріктің қанжығасына байланды.
Тағы бір алыбымыз +100 келі салмақ дәрежесі бойынша белдескен бірлесуеңбектік Сұлтан Серікбай төрт қарсыласын тізе бүктіріп, қола алқаны иеленді.
Алыптарымыздың алдан көрінуіне аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Елеусіз, жаттықтырушылар Ермахан Қапалбаев пен Нұржан Қазбеков септігін тигізгені анық.
Қос балуанымызға диплом, кубок, медальдарды Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының президенті Арман Шораевтың өзі табыс етті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары