АУДАНДЫҚ ЖАҢА ЧЕМПИОНДАР

2019 жылдың 13 сәуірінде Явленка ауылындағы А.Шәжімбаев атындағы Явленка орта мектебінде ауданның ауылдық округтерінің әйелдер командалары арасындағы волейболдан чемпионат өтті.

Демалыс күндеріне қарамастан, Волошинка, Ильинка, Явленка, Покровка ауылдық округтерінің командалары, сонымен қатар Есіл аудандық спорт мектебінен және А.Шәжімбаев атындағы Явленка орта мектебінен командалар да қатысты.

Ильинка ауылдық округінің командасы ойынның жеңілісіне қарамастан, турнирдің барлық қатысушыларын табандылықтарымен таңқалдырды..

Топтық ойындардың қорытындысы бойынша Волошинка, Покровка, Явленка  ауылдық округінің Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командалары жартылай финалға шықты. Жартылай финалға аз ғана уақыт қалған сәтте  Ильинка ауылдық округіның командасы мен А.Шәжімбаев атындағы Явленка орта мектебінің командалары бірдей керемет ойын көрсетті.

Нәтижесінде аудандық чемпионатта Волошинка ауылдық округінің командасы үшінші орынға, ал Явленка ауылдық округінің командасы 2 орынға ие болды.

Соңында аудандық чемпионаттың жеңімпазы ретінде Есіл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің командасы анықталды.

Чемпионаттың жүлдегерлері дипломдармен, тиісті дәрежедегі медальдармен және кубокпен марапатталды.

Облыс чемпионатының қорытындысы бойынша 2019 жылғы 18-20 сәуір аралығында Қызылжар ауданының Бескөл кентінде өтетін «Ақ бидай-2019» жазғы облыстық спартакиада бағдарламасында аудандық волейболдан облыстық жарыстарда біздің ауданның намысын қорғайтын үздік ойыншылар анықталды.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары