Аудандық ашық біріншілік

Сейсенбі күні Тастөбе ауылындағы Ә.Тарази атындағы тірек мектептің спорт залында 2007-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында дзюдодан аудандық ашық біріншілік өтті. Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған жарыста Тараз қаласынан, Жамбыл, Жуалы аудандарынан келген жалпы саны 150-ге жуық спортшы алты салмақ бойынша белдесті.

 – Бүгінгі біріншілік Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне, «Қызыл-Дихан қожалығы» өндірістік кооперативінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. Осы жарыста бақ сынайтындардың арасынан облысқа, республикаға, әлемге танымал балуандар шығады деген ойдамын. Арамызда Елдос Сметовті үлгі тұтатындар көп. Сол Елдос секілді биік шыңдарды бағындыруларыңа тілектеспін, – деді аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов жарыстың ашылу салтанатында.
Жылы лебіздер легін жалғаған біріншіліктің бас демеушілері «Қызыл-Дихан қожалығы» өндірістік кооперативінің төрағасы Нуритдин Бегманов пен аудандық дзюдо күресі федерациясының төрағасы Қайрат Жатқанбаев, жарыстың бас төрешісі, самбо күресінен әлем чемпионы Серік Оразханов қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
Түс ауа аяқталған жарыста тараздық балуандар А.Сетмахан (23 келі), Е.Жолдасбек (26 келі), Ж.Тұрғынбек (32 келі), А.Тәжібай (35 келі), Б.Жаңабай (38 келі) және жерлес балуан Е.Қалмұрза (29 келі) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. 23 келі салмақта шешуші сында тараздық қарсыласына есе жіберген тағы бір жамбылдық балуан О.Таймас жеңіске деген құштарлығы үшін арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді ұйымдастырушылар мен демеушілер дипломдармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен, арнайы кубоктармен марапаттады.
Аудандық ашық біріншіліктің жоғары деңгейде өтуіне Аса ауылындағы спорт мектебі мен Ә.Тарази атындағы тірек мектебі қолдау көрсетті.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары