АТА-АНАЛАР ВОЛЕЙБОЛДАН БӘСЕКЕГЕ ТҮСТІ

Мамандандырылған мектеп оқушыларының ата-аналары арасында жылда волейболдан түрнир өткізіледі.

Биыл қаламыздағы гимназия дәстүрлі волейбол жарысында қонақтарды күтіп алды. Ата-аналар жыл бойы жаттығып, жарысқа  арнайы дайындалғандарын көрсетті. Аталмыш тартысқа алты команда қатысты. Турнир ойыншылардың айтуынша қызықты және тартысты өтті. Ойын барысында мектеп өнерпаздары ән мен биден шашу шашты. Жарыс алғашқы минуттардан-ақ қызып кетті. Облыстан келген ата-аналар - Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаты, "Жас дарын" мектебі, Абай атындағы дарынды балаларға арналған лицей, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі, БИЛ ұлдар, "Зерде" дарынды балаларға арналған мектебі,  БИЛ қыздар және қаламыздағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның ата-аналары барын салды. Жарыс бірнеше сағаттарға созылды. Дегенмен, командалар соңына дейін мықтылықтарын көрсете алды. Сонымен, әділқазылардың шешімі бойынша дәстүрлі мамандандырылған  мектеп оқушылары ата-аналарының  волейбол  жарысы бойынша биылғы жеңімпаз қаламыздың гимназия кұрама командасы болды. оларға кубок, алтын медаль мен бағалы сыйлық табыс етілді. Облыстық көпсалалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының ата-аналар командасы жүлделі ІІ орынға ие болып, күмістен алқа тақса, "Жас дарын" мектебінің ата-аналар командасы ІІІ орынды иеленіп, қола медальді қанжығалады.

Сөйтіп гимназия қабырғасында өткен дүбірлі спорттық іс-шара көпке дейін есте қалады деп санаймыз. Бүгінгі ата-аналар кездесуі бала тәрбиесіндегі "Салауатты өмір салты" ұстанымының негізгі кепілі деп  сенеміз. Жарыстың  демеушілері гимназия ата-аналары және Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ұжымы екенін айта кеткен жөн.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары