Ашық біріншілік өтті

Бейсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық орталық кітапхана мен Аса ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Спорт – болашаққа басым бағыттың бірі» атты қазақ күресінен 2007-2009 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.

Жас жеткіншектерді салауатты өмір салтына баулу, дарынды спортшыларды анықтау мақсатында өткен жарыста сөз алған спорт мектебінің директоры Серік Елеусіз Елбасы мақаласы ұлтымыздың өткен тарихына, оның ұмытыла бастаған дәстүрлеріне ұлттық тұрғыдан қайта қарауға себеп болған өте маңызды құжат екенін айтып, жас жеткіншектерге еліміздің туын биікте желбірететін әйгілі спортшы болуларына тілектестігін білдірді. Ал, кітапханашы Ақдана Құрымбаева ұлттық спорт – қазақ күресі жайында жан-жақты мағлұмат берді.
Жарыстың бас төрешісі Ермахан Қапалбаев пен жаттықтырушы Абзал Әбілдашевтің нұсқауынан кейін балғындар боз кілемде кім мықтыны анықтады.  
60-қа жуық спортшы қатысқан дода тартысқа толы болды. Нәтижесінде, Бексұлтан Есбергенов І орынды жеңіп алса, Акбар Сакиев ІІ орынды иеленді. Ал, Нұртілек Жұмабек ІІІ орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлық­тармен марапатталған соң кітапха­нашы Нүрипа Манабаева «Спорт – біздің серігіміз» тақырыбында ашық қарауды таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары