АРМРЕСТЛИНГТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

2018 жылдың 15 және 16 қарашасы аралығында Қызылжар ауданындағы Бескөл кентінің Мәдениет үйіндегі спорттық залда 18 және одан жоғары жастағы жасөспірімдер мен қыздардың арасында армрестлинг бойынша облыстық чемпионат өтті. Оған 130-дан астам адам қатысты: Петропавл қаласынан, Мамлют, Қызылжар, Аққайың және Есіл аудандарынан спортшылар келді.

Жарыс салтанатты ашылыммен басталды. Жарыстың бас төрешісі О.Чегодаев спортшыларды жылы лебізбен құттықтап, жарыстарда сәттілік пен жеңіс тіледі.

Сайыс әсерлі әрі қызықты, жеңіске деген үмітке толы болды. Барлық қатысушылар бар жігерімен қатысты.

Жарыстардың нәтижесі бойынша армрестлингтен облыс чемпионы атағын Есіл ауданының спортшысы, 55 келі салмақтағы Біржан Еркенов ие болды. Чемпионаттың күміс жүлдегерлері атағын Талғат Катаев (60 келі), Роман Алексеев (65 келі) және Арман Мұхамеджанов (110 келі) иеленді.

Жалпыкомандалық есепте біздің ауданымыз 3-орынға шықты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және медальдармен марапатталды.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары