АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ АРНАЛҒАН ЖАРЫСТАР

2018 жылғы алтыншы қазанда кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Явленка ауылдық округінің бастауыш партия ұйымымен бірлесе «Ардагерлерді ардақтайық» атты партиялық жоба бойынша қарт адамдарға қолдау көрсету айлығына арналған, волейболдан аудандық чемпионат өтті.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Әбілғазин жарысты ашып, қатысушыларды құттықтады. Жарысқа Корнеевка ауылдық округінің бастауыш партия ұйымының командасы, ӨБ-10 ұжымының құрама командасы, АІІБ, АКҚБ құрамасы және «Жас Отан» жастар қанатының құрама командасы қатысты. Табанды да қызықты күресте Корнеевка ауылдық округінің бастауыш партия ұйымының командасы жеңіске жетті. Күміс жүлдегер атағын ӨБ-10 ұжымының құрама командасы, ал 3-орынды «Жас Отан» жастар қанатының құрама командасы иеленді. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау құқығы Явленка ауылдық округінің бастауыш партия ұйымының төрағасы Мінайдар Тілеукинге берілді. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары