Аңсарбек Еуропа кубогында тұғырға қайта көтерілді

Аустралияның Лейбниц қаласында өткен дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогында жерлесіміз Аңсарбек Ғайнуллин қола жүлдегер атанды.

Олимпиада шыңын бағындыруды мақсат еткен Аңсарбек Ғайнуллиннің татами төріндегі жүлдесі толастар емес. Жақын арада ғана Азия чемпионатының жеңімпазы атанған дзюдошы Лейбниц қаласында жеңісті сәтін қайталап, биік тұғырға қайта көтерілді. Өз салмағында (73 келі) талай мықтылармен сайысқа түскен жерлесіміз бұл жолы жапондық спортшыны жеңді.

Ел қоржынына толайым табыс салған Аңсарбек Ғайнуллинді Талғат Балмағамбетов пен Азамат Қапсатов жаттықтырады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары