Ойшылдардың ойыны – тоғызқұмалақтан қалалық спартакиада өтті

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі нақты дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан спорт ойындарының бірі.

Жуырда С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінде тоғызқұмалақтан қалалық спартакиада өтті. Оған қала мен ауылдық округтегі білім ошақтарынан 27 команда қатысты. Нәтижесінде командалық сайыста «Қаражантақ» жалпы орта мектебінің ойыншылары І-орын жеңіп алса, ІІ-орынды С.Адамбеков, екі ІІІ-орынды С.Сейфуллин мен В.Комаров мектебінің тоғызқұмалақшылары иеленді. Ал, жекелей жарыста С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қауас Бекзат пен 9 сынып оқушысы Қауас Саят І-орын тұғырынан көрінді. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды осы жолдардың авторлары дайындады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары