Волейболдан «Алтын» бұйырды

11 және 13 мамыр аралығында Семей қаласында глубокоелық ерлерден құралған волейбол командасы кезекті рет халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрініп, чемпиондық титулды жеңіп алды. 

11 және 13 мамыр аралығында Семей қаласында глубокоелық ерлерден құралған волейбол командасы кезекті рет халықаралық турнирде жеңіс тұғырынан көрініп, чемпиондық титулды жеңіп алды.

Турнир Ұлы Отан соғысының ардагерлері, теңізшілер, Ленниградты қорғаған, түрлі медаль және орден иегерлері, Рига, Либаву, Мемель, Пиллау, Таллинді азат етушілер, Ленинград қ. құрметті азаматтары С.Б. Омариев және С.Р. Рамазановты еске алуға арналды.

Елімізден және Ресейдің Ростов қаласынан келген 12 команда үш күн ішінде чемпион атағы үшін бақ сынасты.

Глубокое командасының жаттықтырушылары Ринат Есеев және Мирас Абдуллаев қарсыластарының мықтылығына қарамастан, әр ойын сайын өздерінің тыңғылықты дайындықтарының арқасында жақсы ойын көрсеткіндігін айтады.

Әсіресе, финалда глубокоелықтар ерекше көзге түсті. Олар Семей, Күршім және Ростов волейболшыларын ұтып, бірінші орынға ие болды. Қазылар алқасымен жерлесіміз Едігер Бекенов (Глубокое АІІБ қызметкері) ерекше аталып өтіліп, «Үздік байланыстырушы» номинациясын иеленді. Командаға жеңіс кубогы, ал қатысушыларға медальдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, глубокоелық ерлерден құралған команда ағымдағы жылы түрлі сайыстардан алтыншы рет чемпион кубогын жеңіп отыр. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары