ЖАЙЛЫ ВАГОН – ЖАҢА СЕРВИС

307/308 «Жезқазған-Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын пойызға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагон қосылды.

Халықтың жағдайы жақсарып, барыс-келіс көбейген сайын теміржолдағы жолаушылар тасымалының маңызы арта түскендігі сезіледі. Өйткені, теміржол вокзалдарындағы адамдар қарасы жылдан жылға молая түсуде. 

«Марал-Нұр» ЖШС аталмыш бағыт бойынша 2009 жылдан бастап қызмет көрсетеді. Жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсарту мақсатында 2017 жылы бес купе және 2018 жылы бес плацкарт вагондарын сатып алды. Енді биыл мүмкіндігі шектеулі жандардың тасымалдауын жеңілдету үшін арнайы екі вагон қосты. Вагон арбаға таңылған жандарды тасымалдауға арналған пандуспен жабдықталған. Арнайы купенің төсек орындары жайлы, отырып, жатуға ыңғайлы. Жол серіктерін шақыруға арналған тетік, көруі қиын жандарға Морзе алфавитімен жабдықталған. Сонымен қатар, бөлек дәретханасы да бар.

Жөндеу және пайдалану учаскесі басшысының орынбасары Руслан Шалабаевтың айтуынша, тасымалдау сапасын жақсарту жұмыстары мұнымен шектелмейді. Мамыр айында «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша қатынайтын пойызға да дәл осындай вагон қосылып, жолаушылардың жүріп-тұруы жеңілдемек.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары