Әлеумет

ЖАНАШЫРЛЫҚ пен ЖАҢАШЫЛДЫҚ ТОҒЫСҚАН

Сәрсенбі күні Малшыбай ауылдық округының әкімі Қайрат Бапанов ауыл тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Ауыл басшысының есептік кездесуіне Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов, әкім орынбасарлары, қалалық мәслихат хатшысы Советбек Медебаев пен Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Бекзат Алтынбеков, мекеме, кәсіпорын басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

31 января, 14:37
Жезқазған шаһарының жылнамасы (1957-1958 ж.ж.)

1954 жылы 20 желтоқсанда ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Үлкен Жезқазған қалашығы Жезқазған қаласы болып аталды.

25 января, 17:16
ЕҢБЕГІМЕН АРДАҚТЫ

Өз тарихының алпыс бесінші парағын ашқан Жезқазғанның мерейтойы қарсаңында қаланың дамуында еселі еңбегімен із қалдырған,  аймақтың нығаюында үлесі бар есімдер жайында қалам тербеуді құп көрдік. Алғашқы кейіпкеріміз – Жезқазғанға қала мәртебесі берілген 1954 жылдың 20 желтоқсанында туған Алтын Шәйменова. Қала жұртшылығы жақсы білетін, «Қазақмыс» корпорациясының әлеуметтік саласына жауапты қызметтер атқарған Алтын Шәйменқызымен жүздесіп, тілдесудің  орайы енді келгендей.

24 января, 15:39
ЖАСТАРДЫҢ ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖЫЛЫ

Мемлекет басшысы 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауында өзі ұсынған Жастар жылын бүгін салтанатты түрде жариялап, ашып берді. Асыл – тастан, ақыл – жастан екенін ескерген Елбасы ең алдымен жастарды сөйлетіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдап барып өзі сөз алды. Жас та болса күрмеуі қиын істер мен батыл шешімді қажет ететін бастамаларға бас болып жүрген жастардың пікірі биік мінберден айтылды. Алтайдағы аз қазақтың ыстық ықыласын ала келген бүркітші қыз – Айшолпанның сөзі көпті толғантып, көкейге ой салғандай.

23 января, 17:34