Әлеумет

Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының бұрынғы орынбасарына 100 миллион теңге айыппұл салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен бұрын облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары және оның бағыныштыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын.

29 мая, 17:05
КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА — ЖАҢА КЕЗЕҢДЕ

Жезқазғандағы тоғыз қабатты еңселі емдеу мекемесі тұрғындар үшін облыс кезінен қалған елеулі сыйдың бірі десек болады. Сол кезеңдегі өскелең талапқа сай бой көтерген облыстық көп салалы аурухана 1989 жылдың басында ашылған болатын. Содан бері биыл 65 жылдығын атап өткелі отырған қаламыздың басты медициналық орталығына айналды. Облыс таратылған соң аймақтық көп салалы аурухана ретінде өмір сүрді. Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында елімізде әр деңгейдегі реформалар жасалып жатқаны белгілі. Соған орай, бүгінде «Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны деп аталыпты. Атауы өзгерген екен, «заты қандай болыпты» деген оймен жақында емдеу мекемесіне арнайы барып, қазіргі жағдайымен жан-жақты танысқан едік.

22 мая, 20:56
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ЕҢБЕГІН БОНУСТЫҚ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТТІКТІҢ АППАРАТ БАСШЫСЫ С.Қ. АХМЕТЖАНОВТЫҢ АГЕНТТІК БРИФИНГІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БОНУСТАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ ТУРАЛЫ БАЯНДАМАСЫ

16 мая, 14:42
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады. 

6 мая, 09:33
ЖЕТІМ-ЖЕСІРЛЕРДІ ЖЕБЕГЕН «ХАРЕКЕТ»

Кейінгі уақытта «Харекет» қайырымдылық қорының көп балалы, жағдайы төмен аналарға үй алып берген сауапты істері туралы хабарлар жиі көрініп жүр. Ізгі ниетті жандардың садақасы арқылы «1000 теңгеге — баспана!» бастамасымен жұмыс жүргізіп жатқан қордың біздің өңірде де өкілдігі бар. Атқарылып жатқан істері мен алдағы мақсаттарына нақты қанығу үшін «Харекет» республикалық қайырымдылық қорының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы бойынша өкілі Медет Ержанұлы ЕСТАУОВҚА жолығып әңгімелескен едік.

26 апреля, 12:16
ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жезқазғанның 65 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламызда 900 оқушыға арналған жалпы орта білім беретін мектептің құрылысы басталды. Мердігер ұйым мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес құрылыс жұмыстарын 20 айдың ішінде аяқтап шығуға міндеттеніп отыр. Білім беру саласының ұйғарымы бойынша жаңа білім ұясында мүмкіндігі шектеулі балалар мен Жезқазған-Ұлытау аймағының дарынды оқушылары оқитын болады.

25 апреля, 14:22
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ – МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕГІ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған үкіметтік топ сәрсенбі күні Жезқазғанға жұмыс сапарымен келді. Құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан БІртанов, Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова бар топты Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бастап жүрді.

18 апреля, 00:24
ЖАЙЛЫ ВАГОН – ЖАҢА СЕРВИС

307/308 «Жезқазған-Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағыты бойынша жолаушылар тасымалдайтын пойызға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған вагон қосылды.

4 апреля, 14:52