МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨТЕРУ КОЭФФИЦЕНТІ БЕКІТІЛДІ

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілуі керек, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті.

- Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персоналдың айлығы көтеріледі. Олардың ішінде еңбек өтілін енді ғана бастаған жас мұғалімдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері мен көмекшілері, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар, - деді К.Шәмшидинова

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. Оның сөзіне қарағанда, көмекші персоналдың жалақысы да артады. Олар – еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер.

- Сосын басқарушы персонал бар. Олар - мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары, - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары