ЖЕЗҚАЗҒАН-ҚАРАҒАНДЫ ПОЙЫЗЫНЫҢ КЕСТЕСІ ҚОЛАЙЛЫ УАҚЫТҚА ӨЗГЕРДІ

Қарағанды мен Жезқазған арасына қатынайтын №609/610 жолаушылар пойызының кестесі қолайлы уақытқа өзгерді.

Биыл 18 сәуірден бастап жолға шыққан пойыздың жол жүру кестесі жолаушылардың тілек-өтініштері ескеріліп, өзгеріп отыр. Енді пойыз Жезқазғаннан бұрынғыша 22 сағат 21 минутта емес, 21 сағат 10 минутта қозғалады. Қарағандыға таңғы сағат сегізден елу минут кеткенде жетеді. Қарағандыдан шығатын уақыты да бұрынғы 21 сағат 36 минуттан 18 сағат 55 минутқа ауысты. Сөйтіп, жаңа кесте бойынша Жезқазғанға таңғы жетіден жиырма жеті минут өткенде жетеді.

Сондай-ақ, екі қала арасындағы стансаларда тұру уақытын азайту арқылы пойыздың жүру ұзақтығы да жарты сағатқа қысқарып отыр.

Жаңа кесте 6 тамыздан бастап қолданысқа енді.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары