ҰЛЫТАУҒА ЙОГА-ТУР АШЫЛДЫ

Алматы қаласының туроператоры Ұлытауға баратын маршрут құрды. Йога сүйер қауым үшін Қазақстанның киелі жерлеріне бару ұсынылып отыр. Алдын ала жоспар бойынша йога-тур тамыздың басында өтеді.

Қазіргі таңда ниет білдірушілердің алғашқы тобы жиналып жатыр.

- Біз Ұлытауда өткен форум мен «Жезкиік» этникалық музыка фестивалінде болып қайтқан туроператорлармен топ құрдық. Қазірдің өзінде йога-тур бар және оның алғашқы тобы баруға дайындалып жатыр. Бүгінгі таңда Астана мен Алматының туроператорлары Ұлытау ауданына турлар құруда. Бастамашылар бұл ұсыныстар тіпті шет елдік туристерді қызықтырады деп есептейді, - дейді Қарағанды облысының Кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева.

Аталмыш бағыт туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді «Кочевник» Ұлттық туристік компаниясы ұсынып отыр.

Төрт күндік тур 11 адамнан құралған топқа шақталған. Оның құны – 55 900 теңгені құрайды. Астанадан Жезқазғанға жетіп, ол жерден Ұлытау ауданының Кененбай көлінің жағалауында орналасқан «Көкмайса» демалыс базасына трансфер қарастырылған. Туристер мейманханада, қонақ үйде немесе киіз үйде орналаса алады.

Бағдарламада йога бойынша шеберлік-сыныптары мен қасиетті Әулие тауына және Теректі-Әулие петроглифтеріне экскурсиялар бар.

Тур құнында: Астанадан Жезқазғанға және қайта оралуға теміржол билеттері, трансфер, демалыс орнында тұру, үш реттік тамақтану, екі экскурсия, йога бойынша шеберлік-сыныптар қарастыралады.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары