Тарихтан тағылым алды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мәні зор бағдарламалық мақаласының жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесі өлшеусіз. Бүгінде бағдары айқын бағдарлама аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әсіресе жастарға тағылымды тарихтан сыр шертетін шаралардың көптеп ұйымдастырылғаны көңіл қуантады. Жуырда мектебіміздің 6-сынып оқушылары көне шаһардағы тарихи-мәдени орындарға саяхат жасап қайтты.

Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз жерінде сан ғасырлық өмірге куә тарихи ескерткіштер бар. Соның бірі – Х-ХІІ ғасырларда ұлы Қараханидтер мемлекетінде билік орнатқан Ша-Махмұд Бұғра Қараханның қабірінің басына орнатқан кесене. Қарахан кесенесі – сәулет өнерінің тамаша туындыларының бірі. Бұл көне ғимаратты салу барысында өте шеберлікпен әзірленген 30 түрлі өрнекті кірпіш пайдаланылған. Кесенеде орталық және үш зал бұрыштары бар. Төртінші залда төбеге шығатын баспалдақ орнатылған және орта орын-жайдың төбесі киіз үйдегідей жабық. Қараханидтер дәуірінде, ХІ ғасырда бой көтерген құрылыс Айша бибі мен Бабаджа хатун кесенесімен тікелей байланысты. Көне архитектуралық ескерткіш XX ғасырдың басына дейін сақталған. 1906 жылы күмбездің орнына жаңа кесене тұрғызылды. Ұшар басына оюлы, ағаш діңгек қойылып, бөлменің ішіне бесік тәрізді сағана орнатылды. Ал, 1979 жылы кесенеге күрделі реконструкциялық жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Бүгінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-мұражайының қамқорлығына алынған Қарахан кесенесіне тағзым етіп келушілер саны артқан. Бұл күні оқушылар көне жәдігерлерді көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік алды. Тараз қаласының орталығында орналасқан Қарахан кесенесіне бас сұғып, тарихымен танысты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары