ТУҒАН ЖЕРГЕ жүлдемен оралып, Болгарияға жолдама жеңіп алды

Газетіміздің өткен санында барша арыстықтардан сүйінші сұрағанымыз көзі қарақты, көкірегі ояу оқырмандарымыздың есінде шығар.Міне, Қазақ Елінің, соның ішінде киелі Арыс өңірінің мерейін асырып, мәртебесін тасытқан сол жеңімпаз бишілеріміз, яғни, Монтайтас ауылдық округінің арулары – «Нұр шашу» би ансамблі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні Ресейдің Сочи қаласынан туған жерге оралды.

Айта кетейік, бұған дейін көптеген республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты атанған осы би ансамблі Сочиде 16 мемлекет өнерпаздары қатысқан аламан додада топ жарып қана қоймай, келесі жылы жазда Болгарияда өтетін халықаралық жарысқа жолдаманы жеңіп алды. Хореограф И.Кенжеқұлова мен топ жетекшісі Л.Қилыбаева жаттықтыратын би ансамблінің бұл жеңісі Тәуелсіздік күніне әдемі тарту болды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары