Туған жер – тұнған тарих

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. «Туған жерге туыңды тік»-деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне  сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуі керек. Тұңғыш Президент өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын  ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

Туған жерге деген сүйіспеншілік нені біл­діреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді.
Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Соның ішінде мәдени ескерткіштерге бай Арыс өңірі – Қазақстанның аса маңызды аймақтарының бірі. Арыс өңірінде облыстық маңызы бар 22 тарихи және мәдени ескерткіштер орналасқан. Сонымен қатар, қала және ауылдық округтер аймағында 10 қасиетті, киелі орындар бар. Олардың 6-ы облыстық маңызға ие. Атап айтқанда, Дастарбасы таңбалы жартасы, Дастарбасы тоғызқұмалақ таңбасы, Дастарбасы үңгірлері, Жекен-Шайық, Мұңлық-Зарлық, Ақын-Жақып әулиелері, Ханшайым аралы, Қыз құлаған жар табиғи ландшафт аймағы. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының  мәні осында.
Тұңғыш Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамға жаңа серпіліс әкелді. Біздің оқушыларымыз аталмыш бағдарламалық мақаланың аясындағы «Туған жер» арнайы жобасы көлемінде ауданымыздағы қасиетті жерлермен танысты. Олар қасиетті мекендерді аралау арқылы ұлттық рухын көтеріп, отансүйгіштік деңгейін арттырды деп ойлаймын.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары