Саябаққа барып қайтты

Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық ешқашан толастаған емес. Әсіресе, бойында кемістігі бар бүлдіршіндерді оңалту – бүгінгі күннің басты міндеті. Елбасы оларды қоғамға бейімдеуді үнемі ескертіп келеді. Ал, осы мақсатта құрылған түрлі оңалту орталықтары мен арнайы мекеменің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға жанашырлық танытуда.

Бүгінде аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметіне 104 бүлдіршін жүгінеді. Олардың аяқтан тік тұрып, бойындағы кемістіктен айығуына мекеме мамандары бар мүмкіндікті жасаса, жеке кәсіпкерлер балғындарға әркез қамқорлық көрсетіп отыр.
Халықаралық балаларды қорғау күні демеушілердің көмегімен 60 бала Т.Рысқұлов атындағы саябаққа қыдырып қайты. Бұл күні саябақ директоры А.Рустамбекова ауданнан барған балаларға тегін қызмет алуға мүмкіндік берді. Балалардың алаңсыз барып-келуіне «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС директоры Р.Пірманов арнайы көлік бөлсе, жеке кәсіпкер Қ.Сәдібеков пен Д.Алмаханова жеткіншектерге балмұздақ пен сусын әперді.
Күндерін қызықты өткізген балғындар осындай мүмкіндік сыйлаған аға-әпкелеріне алғысын білдіріп, мәз-мейрам болып қайтты.
 
Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары