Сапар тағылымы

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы көптеген ізгі істердің бастауына серпін берді.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы көптеген ізгі істердің бастауына серпін берді.
Ғасырлар тереңінің тамырымен бойлай келе жатқан қасиетіміздің бойына қан жүгірді. Өн бойына қуат енді. Жүрек көзі ашылды. Бабалардан қалған өсиет өркен жайып келеді. Бұл рухани жаңғырудың нышаны деп түсінейік.
Қоғамда жас та, кәрі де ізгі істердің басы-қасында ынтымақтаса тірлік бітіргені зор қуаныш, болашақтың қабырғасына қаланған кірпіші деп көрейік.
Жалпақтөбе ауылының жұртшылығы қасиетті Рамазан айында ауызбірлікпен ұйымдасып, Түркістан шаһарының киелі жерлерін аралап қайтты. Ауыл ақсақалдары атынан сөз алған Рахымберді Саламатов:
– Осы сапарға бас-аяғы елу адам болып жиылып, яғни 9 намазхана және мешіт, ауыл­дың ақсақалдар кеңесі, дүнген мәде­ни-рухани орталығы мен ауылымыздың ардақты азамат­тары­ның басын қосып, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі аумағындағы барлық тарихи-рухани құндылықтармен танысуға, Домалақ ана кесенесі мен бұлағы­ның тарихын тануға себеп болған ауылдық округ әкімі Ержан Данаевқа алғысымызды айтамыз. Қасиетті Рамазан айында осындай сапардың сәті түскеніне қуанып тұрмыз. Көрген-білгендерімізді бала-шағамызға айтып, олардың бойларында елге, жерге деген сүйіспен­шілігін ояту – біздің парызымыз, – деп қария тарихи жерлер туралы әңгімеледі.
Сапар бойы барған жерлердің барлығында құран оқылып, киелі орындардың тарихи-рухани мәні мен маңызы айтылды.
Киелі де көрікті жерлерді тамашалап, тағылымды ой түйген жалпақтөбеліктердің ауызбіршілігі көпке үлгі болса керек.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары