Рахмет саған, Алакөл!

Шілде мен тамыз айы – демалуға қолайлы кезең. Жұмысбасты болып жүрген жандар жаздың осы айларында арқа-басты кеңге салып, демалысқа шығады. Жеміс-жидек, көкөніс піскен жаздың ыстық күндері өзен-көлдің жағасында суға шомылып, күнге қыздырынғанның денсаулыққа пайдасы зор. Оңтүстіктен Алакөлді бетке алған жандардың да қарасы осы айларда арта түседі. Жер шалғайлығына қарамастан шипалы көлге баруға асығады.

Шілде мен тамыз айы – демалуға қолайлы кезең. Жұмысбасты болып жүрген жандар жаздың осы айларында арқа-басты кеңге салып, демалысқа шығады. Жеміс-жидек, көкөніс піскен жаздың ыстық күндері өзен-көлдің жағасында суға шомылып, күнге қыздырынғанның денсаулыққа пайдасы зор. Оңтүстіктен Алакөлді бетке алған жандардың да қарасы осы айларда арта түседі. Жер шалғайлығына қарамастан шипалы көлге баруға асығады.
Көлдің көне тарихына ой жіберсек, Қабанбай батыр жоңғарлармен шайқаста найза түйреп, қылыш кескен жаралы сарбаздарын Алакөлдің жағасына алып барған екен. Бүгінде ғарышқа сапарлаған ғарышкерлерді жерге түскен бетте Алакөлдің суына шомылдыру дағдыға айналған. Көл суының адам ағзасын тазартуға, әртүрлі ауруларға, оның ішінде, буын, тері ауруларына мың да бір ем екенін ғалымдар дәлелдеген.
Осыдан біраз күн бұрын «Тараз-Профсоюз-Турист» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен Алакөлге барып қайттық. 40 жолаушысы бар автобус түс ауа Алакөлге табан тіредік. Ұзақ жолдан әбден қажыған бізді «Тұран» демалыс орталығының қызметкерлері күтіп алды.
– Соңғы жылдары Алакөлге ем алуға, суға түсіп, жай демалуға келетіндер қатары артып келеді, – дейді бізді күтіп алған орталықтың қожайындары, ағайынды Айбол мен Ержан Тұрғановтар.
Қазақы қонақжайлылық шығыста да жақсы қалыптасыпты. Оны үш күн бізге қызмет еткен демалыс орталығының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан байқадық. Алғашқы күні Алакөлдің саф ауасымен демалып, суға түстік. Екінші күні Бейімбет Майлин атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Әлия Разуева мен қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Амантай Тұрлыбеков қасиетті көлдің және «Барлық-Арасан» деген жердің тарихымен таныстырды. Үш күнге жалғасқан сапар барысында талай тарихи жердің тыныс-тіршілігінен хабардар болып қайттық.
Айдын шалқар Алакөлдің табиғаты адам қызығарлық. Жағасынан қарағанда ол шеті мен бұл шетіне көз жетпейді. Көлді жағалай демалыс үйлері қоныс тепкен. Көлдің ортасындағы Аралтөбе көзге оқшау көрінеді.
«Бермесе де табиғат түзік көрік,
Қарайды жұрт өзіңді қызық көріп.
Сияқтысың бейне бір алып кеме,
Тоқтап қалған төменнен жүзіп келіп», – деп ақын Ж.Бейсен жырға қосқандай, жазық дала мен таулы алқапқа орналасқан табиғат-ананың сирек жаратқан інжу-маржаны – Алакөл келушілерді шипалы суымен қарсы алып, көгілдір айдын беті толқынданып жатыр.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары