Мұражайдағы бір сәт

Сыры мен жұмбағын бойына жиып мұражайға жайғасқан тарихи жәдігерлерге көз жүгірткенде ойға батқандай күй кешеміз. Шаруа ма, төре ме, дана ма, батыр ма, кім де болса көзіндей көрген дүниелердің мұражай төрінен орын алатынын ойлады ма екен деген ойлар келеді еріксіз.

Сыры мен жұмбағын бойына жиып мұражайға жайғасқан тарихи жәдігерлерге көз жүгірткенде ойға батқандай күй кешеміз. Шаруа ма, төре ме, дана ма, батыр ма, кім де болса көзіндей көрген дүниелердің мұражай төрінен орын алатынын ойлады ма екен деген ойлар келеді еріксіз.
Иә, мұражайға қарап бүгінгі күн ертеңгі тарихқа айналарына сенесіз.
Сырттан қарағанда мұражайдағы тыныштық бір қалыпты болып көрінгенмен, қайнаған тірліктің белгісі бар бұл жерде де.
– Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында қылқалам және қолөнер шеберлерінің байқауларын, оқушыларға өлкеміздің тарихы, ауданнан шыққан азаматтар, көне қалашықтар туралы танымдық сабақтарды үнемі өткізіп тұрады.
Ұлттық құндылығымызды құрметтеу арқылы аудан тұрғындарының, әсіресе жастардың мәдени танымы мен талғамы заманға сай болуын мақсат етеміз. Осылайша мұражай қызметкерлері шығармашылық, ағартушылық бағытта да көптеген іс-шараларға ұйытқы болып, ауданның мәдени өміріне үлес қосып жүр.
Дәл бүгін «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» атты жобасы аясында «Бояулар сыр шертеді» тақырыбында қылқалам шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылуда. Өнерге жаны жақын жандар көп екені қуантады. Дегенмен, әрбір іс-шараның талабы мен міндеті болады. Эстетикалық сұлулығы, техникалық ережелері – бәрі бір-біріне сай келіп тұрса дейміз. Кейде мақтаулы деген шеберлер де ол үдеден шыға алмай қалады. Сондықтан шығармашылықпен айналысуды өнер деп бағалайтын жандарға терең де тірнекті ізденіс керек. Біз де өз тарапымыздан өнерді қолдауға тырмысамыз, – деді аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Гүлбағира Бекжанова.
Аудандық «Бояулар сыр шертеді» атты қылқалам шеберлерінің көрмесіне дайындап әкелген суреттердің тақырып пен талапқа сай болуын қарап шыққан қазылар алқасының мүшелері – аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Асқар Байдалиев, аудандық Мәдениет үйінің директоры Индира Тоғанбаева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бақытжан Құтжан, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Гүлбағира Бекжанова қатысушыларға құрмет көрсетті. Аталған аудандық байқауда үшінші орынды Азамат Ғафуров (Өрнек ауылдық округі) пен Шернияз Оразбеков (Қызылқайнар), екінші орынды Мөлдір Келгенбай (Қарасу), бірінші орынды Айгерім Рысқұл (Ерназар) иеленіп, өзге қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары