Көрші ауданға саяхат

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында  Б.Бесбаев, Шайқорық, Ә.Ысмайлов атындағы орта мектептің 40 оқушысы Байзақ ауданының тарихи-мәдени орындарына саяхат жасап қайтты. Әр өңірдің өзіне тән тарихи орындары бар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында  Б.Бесбаев, Шайқорық, Ә.Ысмайлов атындағы орта мектептің 40 оқушысы Байзақ ауданының тарихи-мәдени орындарына саяхат жасап қайтты. Әр өңірдің өзіне тән тарихи орындары бар. Оқушылар әуелі ауданның өткен тарихынан сыр шертетін мұражай жәдігерлерімен танысып, аудан орталығындағы Байзақ баба мен Кеңес Одағының Батыры Ағаділ Суханбаевтың ескерткіштеріне тағзым етті. Саяхат барысында оқушыларға Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі Ж.Ақбаев «Батырлар аллеясынан» орын алған ел мақтаныштарының өмір жолымен таныстырды. Бұл күні оқушылар Қостөбе, Түймекент, Шөлтөбе қалажұрттарының тарихымен де танысты.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары