Ішкі туризмді дамыту

Ішкі туризмді одан әрі ынталандыру және ел ішінде өңірлердің туристік потенциалы туралы хабардар ету мақсатында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда ақпараттық турлар циклінің алғашқысы өткізілді. Оған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарының туристік компаниялары қатысты.

20-30 мамыр аралығында ақпараттық тур қатысушылары Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларына, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының туристік нысандарына барады. Сапар барысында санаторлық нысандар мен балалар лагерлеріне ерекше көңіл бөлінді.

Ақтаудан келген туристік компания директорының орынбасары Лариса Широченконың айтуынша, Маңғыстаудың тұрғындары үшін Бурабай немесе Шығыс Қазақстанға бару өте қызықты болуы мүмкін. Өйткені, бұл жерлердегі ландшафт Маңғыстаумен салыстырғанда қарама-қайшы – айналаңызда көптеген ағаштар мен таулар.

Атыраулық туристік және өлкетану балалар клубының өкілі Гүлжан Елешева үшінші мегаполистың қонақжайлылығынан, оның гастрономиялық ерекшеліктерінен, сондай-ақ Сарыағаштың курорттық аймағынан тағы да ерекше әсер алды. Оның айтуынша, Сарыағаш алыс емес шетелдік курорттық аймақтардан артық болмаса, кем емес.

Орал қаласынан келген турменеджер Лаура Хайрамбаева Алматы мен Алматы облысын барлық қазақстандықтар үшін басты дестинация деп санайды. Оның айтуынша, еліміздің әрбір тұрғыны кем дегенде бір рет Алакөл жағалауына, сондай-ақ әйгілі Жаркент мешіті мен сауықтыру орындарына баруы керек.

Ақтөбелік Әскербек Әділұлы болса Шығыс Қазақстанға сапарын басқа елдерге барған саяхтпен салыстырды. Және бұның себебі тек аймақтар арасындағы қашықтықта ғана емес, ең бастысы - айрықша табиғи және мәдени ландшафт.

Ақпараттық тур барысында барлық туристік агенттіктер Бурабайда, Шымкентте, Алматыда және Өскеменде өткен жергілікті турбизнес өкілдерімен екіжақты кездесулерге белсенді қатысты. Нәтижесінде, қатысушылар мен жергілікті туристік қауымдастық арасында тығыз байланыс орнатылып, 350 астам түрлі келісімдерге қол қойылды.

Бұл ақпараттық тур қазақстандық туристік компанияларды еліміздің аумағы бойынша туристік өнімдерді қалыптастырып, оларды халық арасында насихаттау үшін ынталандыруға бағытталған. Жазғы маусым аяқталғаннан кейін турлар циклі басқа өңірлердің туристік компаниялары қатысуымен жалғасатын болады.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары