Халық Қаһарманының мұражайына барды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы аясында аудандық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері Шайқорық және Амангелді орта мектебінің оқушыларымен бірге Жуалыдағы Бауыржан Момышұлы мұражайына барып қайтты.

– Аудандағы мектеп оқушыларына облыстық мұражайға баруға, көшпелі мұражай экспонаттарын тамашалауға және облысымыздың киелі жерлерін көрсетуге қолдан келген мүмкіндікті жасаудамыз. Бауыржан Момышұлының мұражайын тамаша­лауға екі мектептен жиырмадан астам оқушы жинал­ды. Мектеп мүғалімдері мен учаскелік инспек­тор­лармен бірлесіп, оқушылардың таным-білі­мін арттыру мақсатында осындай шаралар әлі де жалғасын табады, – деді аудандық тарихи-өлкета­ну мұражайының директоры Гүлбағира Бекжанова.
Оқушылар мұражайда Халық Қаһарманы, ұлтының біртуар ұлы Бауыржан Момышұлының қолжазба кітаптары, сыйға берілген қару-жарақтары мен әскери шинелі және бас киімі, батырдың өзі салған ерекше ою-өрнектерінің сыры мен тарихы туралы мағлұматтарға зейін қойды. Саяхаттаушы оқушылар тобы жол-жөнекей Айша бибі кесенесіне де ат басын бұрды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары