Ертегілер еліне саяхат

Міне, бала біткеннің жыл бойы сағына күткен жазғы демалысы да келіп жетті. Тоғыз ай тынымсыз еңбектеніп, бар уақытын оқу-білімге, түрлі үйірмелерге, қосымша сабақтарға арнаған балалардың шын мәнінде нағыз демалатын уақыты келді.

Міне, бала біткеннің жыл бойы сағына күткен жазғы демалысы да келіп жетті. Тоғыз ай тынымсыз еңбектеніп, бар уақытын оқу-білімге, түрлі үйірмелерге, қосымша сабақтарға арнаған балалардың шын мәнінде нағыз демалатын уақыты келді.
Ауданымыздың барлық мектептерінде оқу жылы аяқталғаннан кейін мектеп жанындағы лагерьлердің  жұмысы басталды. Солардың бірі – Ащыбұлақ ауылында орналасқан Қ.Сартбаев атындағы орта мектеп. Бүгінде мектеп жанындағы «Көгершін» жазғы сауықтыру лагеріне 114 оқушы қамтылған. 
Мектеп ұстаздары мен тәлімгері балалардың жазғы демалысын мәнді де мағыналы етіп өткізу мақсатында қызықты ойындар ұйымдастырып, олардың шығармашылығын шыңдап, білімін жетілдіруге үлес қосуда. Мұнда балалар ән салып, би билеп, өздеріне ұнаған үйірмелерге қатысып, уақыттарын қызықты өткізуде.
Лагерьде ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі – «Ертегілер елінде» атты байқау. Топ арасында өткен бұл байқауда «Қыран» (жетекшілері Н.Көштаева, К.Тамабекова), «Сұңқар» (А.Журжаева, Г.Пашанова), «Тұлпар» (Б.Смағанбетова, Н.Әліқұлова), «Жас ұлан 1» (А.Жұмаділова, Ж.Сәтбай, Б.Айтубай), «Жас ұлан 2» (Т.Найманбаева, Н.Масатбаева) топтарының балғындары «Бауырсақ», «Мақта қыз», «Ханшайымдар», «Достық» ертегілерін сахналады. Сонымен қатар Н.Бейбітова мен Н.Исаева «Страна чудес», «Путешествие в страну сказок» тақырыптарында танымдық сабақтар ұйымдастырды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары