АСТАНАҒА – ЖАЙЛЫ ВАГОНДА

Жезқазғаннан Астанаға қатынайтын жолаушылар пойызының құрамы жаңа вагондармен толықты.

Тұрғындардың жолаушылар тасымалына деген талабын орындауды мақсат еткен тасымалдаушы «Марал-Нұр» ЖШС былтыр «Жезқазған-Астана-Жезқазған» бағытында жүретін №307/308 пойызға Ташкентте құрастырылған бес жаңа купе вагондарын сатып алған. Биыл тағы екі плацкарт вагон алынып, тамыз айында сол жаңа вагондар пайдалануға берілді. Бұл вагондардың ерекшелігі заманауи үлгідегі ауа баптау (кондиционирование) жүйесі және Wi-Fi желісі қарастырылған. Әр вагонда 54 жатын орны бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап буфет-вагон қызмет көрсетеді. Одан бөлек, жолаушылардың талап-тілегіне сәйкес шағын кітапхана мен ыстық сусындар ұсынылады.

Айта  кету керек, тасымалдаушы компания осы жылдың соңына дейін тағы екі вагон алу жоспарда бар.

«Жезқазған-Астана» бағытындағы жолаушылар тасымалын 2009 жылдан бері «Марал-Нұр» ЖШС жүзеге асырып келе жатқанын естеріңізге саламыз.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары