Қоғам

ПРЕЗИДЕНТ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІН ТАРАТТЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлығы шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

25 февраля, 15:28
Адасқандар дейміз бе, әлде Шульте кестесімен жадымызға жол ашқандар дейміз бе?

Қала үлкейген сайын адам адаспайды деуші еді. Біздің Қызылорда қаласында керісінше. Қаланың көп көшесінде мекен-жай дұрыс көрсетілмей, бірі анда, бірі мында болып адасып жүр. Ретімен келіп тауып ала қою қиын. Кей үйлерде номер де жоқ. Ал, кей көшелерде екі атау, екі номер берілгендер бар. Соның салдарынан қанша жедел жәрдем уақытын жоғалтты, қанша өрт сөндірушілер дәл уақытында бара алмады, ішкі істер саласының қызметкерлері қанша рет адасты, бір Құдай біледі. Поштаның хаттары дәл солай сандалтады. 

14 февраля, 18:32
«СОҒЫС САЛҒАН ЖАРА ОҢАЙЛЫҚПЕН ЖАЗЫЛМАЙДЫ»

«...Туған жердің топырағы бұйырса деген жалғыз тілегім болды»,- деп ауыр күрсінген Бауыржан Қазтайұлы Есемсейітовтің ауған жерінде өткізген екі жыл өмірінің әр күні кешегідей сағат, минутына дейін есінде. Жүрегіне жара салған сол күндерді ұмыту әрине оңай емес. Бәрі-бәрі артта қалды деп өзін іштей  жұбатып, енді ұмыттым дегенде қарулас достары мен дұшмандармен қақтығыс түсіне кіріп, өн-бойын салқын тер басады әлі де. Бастан кешкен қиыншылықтар мен сұм соғыстың естеліктерімен күресіп, арпалысқанына міне 32 жылдың жүзі болды.

14 февраля, 14:18
ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ

Қала басшысы Қайрат Бегімов Бекболатсай елді мекенінде орналасқан №9 тірек (ресурстық орталық) мектеп-интернатында болып, заманауи талапқа сай бірнеше кабинеттің ашылу салтанатына қатысты.

14 февраля, 11:08
ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталды. Елбасы Жолдауы бірден қолдау тауып, қоғамдық орталарда бірден талқыланып жатыр. Қазақстандықтар үшін 2018 жыл қай салада болмасын табысты жыл болғандығымен ерекшеленбек.

7 февраля, 14:48
Қазалының билігі елді «құрттың» үстіне айдап отыр

Жақында Қазалының билігі ел алдында есеп беріп, атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттарын баяндады. Ел басшыларының мәлімдемесін тыңдап Қазалының үздіксіз дамып, қарыштап, өркендеп бара жатқанына дән риза болысты ел. Атқарылған қанша жұмыстар мен, көптеген еңбектің жемісі бүгінде тамылжып түрғанын жеткізгенде, қазыналы Қазалы көркі көзіңді жұмып, аузыңды аштырып тастайтындай ғажайып мекенге айналып, дамыған отыз елдің қатарында жарқырап шуақ шашты. Оған шынайы дәлел, басшылардың баяндамасы.
 

1 февраля, 19:10
Мұхамбет КӨПЕЕВ: ЕЛ ЖАҚТАН ЖИІ ЕСТІЛГЕЙ ЖАҚСЫ ХАБАР

Редакциядан: Жезқазған қаласының 65 жылдығына орай газетімізде «Бұрынғы басшылар бейнесі» атты жаңа айдар ашып отырмыз. Бұл айдар аясында қалаға әр жылдары басшылық еткен басшылар туралы естелік мақалалар немесе сұхбаттар жарияланатын болады.

Айдардың алғашқы қонағы – 1990-1991 жылдары Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, қалалық Кеңес төрағасы қызметтерін атқарған, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамбет Жұманазарұлы КӨПЕЕВ.

31 января, 14:24
БАСЫМ БАҒЫТТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қалалық мәслихат депутаттары Хансейіт Бөлен мен Бақытжан Көпбаев бастаған ақпараттық-насихаттау тобы мыс қорыту зауытының жұмысшыларымен жолығып, Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді талқыға салды. Сонымен қатар, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялаудың мәнісін ашуға тырысты.

31 января, 12:35