Әулиекөл аудандық сотының төрағасы 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қостанай облысы бойынша департаментімен бұрын Әулиекөл аудандық сотының төрағасына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі.

А.ж. 27 мамырда Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен ол лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану мен көрiнеу әдiлетсiз сот үкiмiн шығару фактілері бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары