Қоғам

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚТЫҢ КҮЙІ КЕТІП ТҰР

Жезқазған Ботаникалық бағының тарихы кенді өңірдің қанат жайып, қалыптасу жолымен тікелей байланысты. Қысы суық, жазы ыстық шөлейт аймаққа орналасқан болашақ  мысты қаланы көгалдандыру мен жеміс-жидек ағаштарын жерсіндіріп өсіру үшін ғылыми негізделген тәжірибелерге сүйену керек болды. Шалғайдағы өңірде мұндай ғылыми зерттеу құрылымын құру оңайлыққа түскен жоқ. Бұл жоба жан-жақты талқылап, кеңінен зерделеу барысында жүзеге асқаны анық. Осы орайда бұдан 80 жыл бұрын өмірге келген Ботаникалық бақтың бастауында Үлкен Жезқазғанның авторы, академик Қаныш Сәтбаевтың тұрғанын зор мақтанышпен айтсақ болады.

15 мая, 09:30
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ САЙЛАУ ТУРАЛЫ САУАЛНАМА ЖҮРГІЗГЕНДЕР ЖАЗАЛАНАДЫ

Алдағы кезектен тыс Президент сайлауына байланысты жеке тұлғалар әлеуметтік желіде сауалнама ұйымдастыруына болмайды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Бас прокурорының орынбасары  Болат Дембаев айтты. 

8 мая, 20:36
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ПРАВОСЛАВ ХРИСТИАНДАРЫН ПАСХА МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.

28 апреля, 13:07
Базарбай ӘЛЕУХАНҰЛЫ: ҰЛТ ПЕН ҰЛЫСТЫҢ ЫНТЫМАҒЫН АРТТЫРҒАН КҮН

«Бірлігі бекем ел озады» демекші бүгінде әлемге татулық пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп отырған қазақ елі – жүзден аса ұлт пен ұлыс мәдениеттерінің, тілдері мен діндерінің  жарасым тапқан құтты мекені. Бір шаңырақтың астына жиналған Қазақстан халқының арман-тілегі бір. Ол – ел Тәуелсіздігінің тұғырлы болуы мен ымыра-бірлігіміздің артуы десек артық айтқандық емес. Бірлік күні қарсаңында Жезқазған қаласы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Базарбай Әлеуханұлымен сұхбаттастық.

26 апреля, 13:00