Жылы жүздесу

№1 «Айгөлек» бөбекжайы базасында қалалық мектепке дейінгі ұйымдарының «Өрлеу» желілік қауымдастығының арасында педагогтардың ғылымитеориялық деңгейлерін арттыру мен олардың кәсіби шеберліктерін жетілдіруде, үздік тәжірибелерін тарату мен іс-тәжірибе алмасуда «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін ертегі арқылы жан-жақты үйлесімді дамыту жолдары» тақырыбында І кіші топ тәрбиешілері мен педагогпсихологтеріне семинар өткізілді.

Семинар бағдарламасына сай, педагогтардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында тәжірибелік оқу қызметтері мен балалармен жүргізілген түзету – дамыту жұмыстары көрсетілді. Аталған бөбекжайдың директоры М.Есенғалиева ұжымның мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін ертегі арқылы жан – жақты үйлесімді дамыту жолдарының жүзеге асырылуы бойынша шолу жасап, ІІ санатты музыка жетекшісі А.Серікбаева «Бөбекжайдан ыстық сәлем» сазды сәлемін жолдап, І кіші топ модераторы С.Мұханбетова «Мектепке дейінгі балаларға ертегілерді ұйымдастырудың маңызы» тақырыбында слайдпен баяндама оқыды.

 ІІ санатты І кіші топ тәрбиешісі Н.Шарафутдинова балаларға «Бауырсақ» ертегісін қуыршақ театры арқылы түсіндіру мен сөздік қорларын, ойлау – қиялын, есте сақтауын дамытуда, достыққа, кішіпейілділікке, мейрімділікке тәрбиелеуде «Бауырсақ бізде қонақта» тақырыбында І кіші топ балаларымен оқу қызметін көрсетті. Сонымен қатар, І санатты педагог – психолог М.Ибраева құм терапиясы бойынша балалардың эмоциялық сезімдерін, коммуникативтік дағдыны, тактильді сезінуді, сезімталдықты дамытуда, эмоционалдық қысымды тежеу мен эмоционалдық үрейді жоюда, жағымды қарым – қатынас орнату мен біріккен әрекеттен қуаныш алуға тәрбиелеуде «Сиқырлы қалашыққа саяхат» тақырыбында түзету – дамыту жұмысын өткізді. Ұйымдастырылған оқу қызметі мен түзету – дамыту жұмыстарында балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда тиімді әдістер мен жаңа технологиялар қолданылып, ұйымдастырылған шаралар өте қызықты өтті. Соңында семинарға қатысушылар білімдерін тәжірибе жүзінде толықтырып, ұйымдастырылған оқу қызметі мен түзету – дамыту жұмыстарынан алған оң әсерлерімен бөлісті.

 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары