Ұлттық ойындар арқылы баланың тілін дамыту

Мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтың қалыптасуына әсер ететін фактордың бірі, дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты-халықтың  ұлттық ойындары.

Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бала болар ма?» -деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есті, сезу қабілеттерін, зейіндік пен тапқырлықтарын дамытады. Ойнау процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады.Сөйлесе жүріп балалар өзара пікірлесіп, әсер алысады.

Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады.

Мен, ұлттық ойындарды балаларға, серуендерде, оқу қызмет  арасындағы уақыттарда, сондай-ақ қандай да бір оқу тапсырмаларын орындау кезінде немесе бой сергіту кезінде ұсынамын. Осы бағытта жұмыстануды мақсат етіп ұстанған №29 «Балауса» бөбекжайында тәрбиеленушілер ұлттық ойын түрлерімен ойнап, өз бойларына жақсы қасиеттерді сіңіруде деп айта аламын. Сондай-ақ ойын барысында қолданылатын мәтіндер мен тақпақтарды, өлең жолдарын қайталап айту арқылы балалардың тілдері жаттықты. Ұлттық ойындар балалардың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсер мол құрал болып табылады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері де дамиды. Ойын-бала үшін біліктіліктің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойнай отырып ойлай білсін.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары