Оқыту әдістемесіне жаңаша көзқарас

Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтарына «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: қосымша білім беру педагогтарының іс-тәжірибесімен бөлісу, олардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру. Семинар басында пәндік-техникалық бөлім әдіскері К.А.Таскарина ұжымды топтастыруға арналған ойын түрлерін көрсетті. Семинар барысында «Ағылшын» үйірмесінің жетекшісі Н.М.Хасанова өз сабақтарында қолданатын «Шабадан, ет тартқыш, кәрзеңке», «Тізбек», т.б.  оқытудың жаңа әдістерімен таныстырды. «Жас экономист» үйірмесінің жетекшісі Н.Ауелбаева сыни тұрғыдан ойлаудың «Ассоциация», «Класстер», «Галереяға шарлау» әдістерін үйірме сабақтарында қолдану амалдарын практикалық түрде көрсетті. «Компьютерлік графика» үйірмесінің жетекшісі А.Каримуллиева анимациялық графика құру әдістерін оқушыларға меңгерту жолдары туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар семинардан алған әсерлері, ой-пікірлері, ұсыныстары туралы рефлексия парағын толтырды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары