Кітапханадағы әсерлі саяхат

«Білім кілті кітапхана» демекші, №12 «Аленушка» балабақшасынан «Еркемай» ІІ кіші және ортаңғы аралас тобы М.Горький атындағы қалалық кітапхананың №9 филиалына саяхаттап қайттық.

Кітап атадан ұрпаққа өсиет болып келе жатқан асыл мұра екені мәлім. Кітап баланың ойын өсіреді, зерек болып өсуге септігін тигізеді, ақылдың алғы шегі, тұңғиығың тұнып тұрған даналыққа бастауы десем де келеді. Осы орайда кітапты сүйер оқырмандардың бастауы балабақша бүлдіршіндері. Балаларды кішкентайдан кітапқа баулу, қызығушылығын ояту балабақшадан басталады емеспе.

Кітапхана кітапқа толы, көркем суреттермен көмкерілген, әсем безендірілген. Балалар тамаша күйде кіріп амандасты. Кітапханашы бүлдіршіндерді қарсы алып алдымен кітапхана өмірі туралы әңгімелеп, санқилы кітаптар туралы мәлімет берді. Балаларға қызықты ертегілерді көрсетіп әртүрлі виктариналық сұрақтар қойды. Балалар ойды оздырарлық қызықты пазлылар құрастырып, қуана қызықтады. Жергілікті ақын – жазушылар шығармаларымен танысып, балаларға арналған өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқып берді. Айта кететін болсам, Мадина Укасова Қ. Мырзалиевтың «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңін нақышына келтіре оқыса, Жұлдызай Шәкен М.Мақатаевтың «Апырмай, туған жер - ай» өлеңін жандүниесімен тебірене оқыды. Ұлттық ойынсыз еш шара өткен бе!? «Алтын сақа кімге бұйырады» тартымды да тартысты ойналды. «Мақал – сөздің мәйегі» дейді қазақ. Балалар кітап, білім тақырыбында мақал – мәтелдер айтты.  «Ертегіні жалғастыр» ойынын ойнай отырып «Мақтақыз бен мысық» ертегісін сахналадық. Қазақтың ұлттық билерінің бірі «Бипыл» биімен биші қыздарым шараны қорытындылады. Балалар кітапхананың қызықты да тартымды өміріне куә болып, қызақтап өз өнер, білімдерін көрсетіп әдемі әсермен балабақшаға қайтты. Балалардың алған әсерлерін көріп кітапхананың маңызы ұшан теңіз екеніне тағы да куә болдым.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары