«Дарынды бөбекке – талантты ұстаз»

Орал қалалық білім беру бөлімінің жоспарына сай қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында «Дарынды бөбекке –талантты ұстаз» атты ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің арасында сайыс өткізілді.

Аталмыш сайыстың  мақсаты  үнемі иновациялық қозғалыста жүретін ағылшын тілі пәні мұғалімдерін анықтап, қолдау көрсету, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтың беделін арттыру.  Кәсіби өсуді сайыстың жүйемен байланыстыру, оған мамандарды тарту.  Сапалы білім беру үрдісіне шығармашылық тұрғыда үлес қосу. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің шығармашылығын қолдау, жетістіктерін анықтау болды.

Сайыс  екі  кезең бойынша өтті. I кезең  желілік қауымдастық арасында ұйымдастырылып, II кезеңге сұраныс және педагог портфолиосы  тапсырылады. II кезеңге I кезең қорытындысы негізінде үздік портфолио иегерлері қатысты. Сайысқа  №37 «Жұлдыз-ай», №32 «Колокольчик», №21 «Росинка», №46 «Ақжайық», №40 «Болашақ», №47«Бәйтерек», №3 «Елочка» бөбекжайларының ағылшын тілі мұғалімдері қатысты.

Сайысқа қатысушылар үш бөлімнен тұратын сайысқа алдымен өздерінің кәсіби таңдауын, жұмыста қол жеткізген жетістіктері мен даму болашағы қызығушылығын қызмет орындарымен байланыстыра таныстырды. Онан кейін «Терминдер қақпасы»  бойынша латын қаріптерін  сөз құрастыру арқылы  жасырынған терминді анықтап, үш тілде анықтама беріп шықты. Мұнда пән мұғалімінің шығармашылықта жұмыстануы, ой ұшқырлығы, шебер жеткізе білуі айқындалды. Үшінші бөлімде пән мұғалімінің шығармашылығы, ұйымдастыру қабілет шеберлігін айқындау мақсатында панорамалы   оқу қызметін көрсету тапсырмасы бойынша сайыскерлер сынға түсті. Қорытындысында: І орын - №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі А.Едилова; ІІ орындарды Г.Нұрғалиева (№32 «Колокольчик» бөбекжайы) мен  Ж.Дүсекова (№21 «Росинка» бөбекжайы), ІІІ орындарға №46 «Ақжайық» бөбекжайынан Б.Нысанова мен №40 «Болашақ» бөбекжайынан Ә.Габдулова иеленді. «Іскер педагог» аталымы  бойынша №47 «Бәйтерек» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі Б.Давлеева, «Шығармашыл педагог» аталымы бойынша №3 «Елочка» бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі Г.Қадыралиева  марапатталды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары