Бірлесе жүргізілген шаралар нәтижесі

Наурыз айының аясында үш күнге арналған  М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ-і мен облыстық білім басқармасы «Батыс өсу векторы» жобасының бастауыш сынып және «Өзін өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны мен келешек бағдарын айқындауға арналған кезеңі өтті.

Шара барысында білім жүйесіне еңген жаңартылған білім мазмұны  бағдарламасы,  оқушы білімін анықтауға бағаға талап етпейтін, креативтілік, коммуникативтілік, сыни ойлау мен топта жұмыс жасауды, ұстаздың тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануы, әр баланың деңгейін арттыруға педагогикалық шеберлігі, шығармашылыққа баулу, құнды мәліметтер дарыту, жаңа технологияларды пайдалана алуы білім ошағы жас ұрпаққа сіңіруі өте маңыздылығы айтылды.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Аягөз Хамзина салтанатты ашылуымен құттықтап, білім беру ұйымын өзгертуге қажетті негізгі бес бөлікті ұсынды. Ал  №36 мектеп директоры Азима Губашева білім сапасымен қоса төрт жылдық  қортыныдысымен апробация сыныптарындағы педагогтардың іс-тәжірибелерімен әдістемелік жинағы жөнінде таныстырылды.   

Педагогика ғылымдарының  докторы профессор Шалқыма  Құрманалина, ақын, журналист Мұнайдар Балмолдамен  кездесулер өткізілді.  Сұхбат алаңында «Мамандық таңдау мен ой» тақырыбында бала бойына дұрыс  мамандықты игеру жолын ұстаз қалыптастыратынын және бастауыш сынып мұғалімі құдіретті маман иесі болу керектігін Шалқыма Құрманалина жүрегімізге ұялатып, ұзақ тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қоса, шеберлік сыныптарында Зияткерлік мектебінің педагог-психологтері мен пилоттық мектеп  № 36 ЖОББМ-і, № 47 «Бәйтерек» балабақшасы, ЖОББ Шаған мектеп ұжымының  ұйымымен түрлі шаралар ұйымдастырылды.  

Жобаға қатысушылар Жалын, Қыран, Бірлік, Болашақ, Тұлпар  топтармен бірге алған білімдерімізді жетілдіріліп, дәрежемізді өсіру үшін  ат салысып нәтижесінде жабылу салтанатында сертификатпен марапатталды. Шара барысында психологиялық тренингтен бастап, бағалау жүйесі, READх жобасы, іс-тәжірибе таратуы, шебер әдіс тәсілдері, жетістікке жету – мотивация кепілі, тәрбие құндылықтары, «Ерекше білім беру әдіс-тәсілдер, іс-әрекет Noy Hoy, сабақта SMART мақсаттарын орнату, IT технологияларын тиімді қолдану, QUEST әдісін қолдануымен, таныстырылды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары