Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2019

Облыстық білім басқармасының бұйрығы негізінде Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен №3 ЖОББ қазақ мектебінде «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы – 2019» атты аудандық байқауы өткізілді.

Білім беру саласында өзекті тақырыптардың бірі болған бала тәрбиесі мен мектеп, ата-аналардың бірігіп жұмыстану мен нәтиже көрсетуге ықпалдастыратын байқаудың оздырылуы қоғамға керек шара.

Байқау – отбасылық оқуларын қолдау және өскелең ұрпақты оқу мәдениетіне баулу мен балалар оқуы мәселесіне ата-аналарды тарту мақсатын көздейді. Әр отбасы – Отан. Отанымыздың батырлары болған және де болары хақ. Отбасылық бос уақытты ұтымды пайдаланудың бір жолы, ол - отбасылық оқу. Ата-ананың баласына батырлар жырлары арқылы сөз құдіреті мен қуатын жеткізе білсе, басқасы басқа отбасылық дәстүрлердің пайда болып, танылуына әкелері сөзсіз. Бабалар жырын жанымен сезініп,

жүрегімен түсінген отбасы жауапкершілік пен тәрбиеде озатыны түсінікті. Осындай отбасыларды байқауда көрсету арқылы тәрбиедегі іс-тәжірибелермен, әлеуметтік ұстанымдарының қалыптасуларымен, жас отбасылардың өзара дамуымен, олардың шығармашылық әлеуетінің жан-жақты ашылуына жағдай жасайтын міндеттердің орындалғаны деп біліңіздер. Осы мың міндетті орындауға ат салысқан ұжымдар: Жаңақала мектеп-гимназиясы, Абай, М.Жүнісов, С.Меңдешев, Е.Орақбаев, Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-тері мен №3 қазақ мектебі, Айдархан, Пятимар, Карманов ЖОББМ-тері және де мектеп кітапханаларының еңбектері өлшеусіз.

Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізу кезеңдері әдеттегідей үш кезеңнен тұрды. І кезең – мектепішілік. 2019 жылдың 3 сәуіріне дейін барлық орта білім беру ұйымдарында өткізілді. ІІ кезең – аудандық не қалалық. Бұл бөлім 2019 жылдың 8 мамырына дейін жеңімпаздарын анықтады. Келесі кезең – облыстық. Ағымдағы жылдық 15 мамырында өткізілді. Байқауды ұйымдастыру комитеттері мен қазылар алқасы үш бөлімнен қамтитын үрдістерді тамашалап, жеңімпаздарды анықтады. Бірінші бөлімде «Біз ұсынамыз: отбасымыздың сүйікті кітабы» атты бес минуттық көрмемен танысу арқылы отбасылардың шығармашылық белсенділігін анықтады. Екінші бөлімде үш минуттан тұратын «Түймедақ» сайысында – қатысушылар әдеби сұрақтарға дәлділігімен жауап қатты. «Білім көзі кітапта» атты соңғы бөлімінде құндылықтар көрініс табатын отбасымен мәнерлеп оқылған батырлар жырымен танысты.

Байқауға деген көзқарастың кеңдігі мен ауқымдылығын тани білген отбасылар марапатталды. Бас жүлдені Пятимар орта мектебінен келген Бекмұхановтар иеленді. Бірінші орын С.Меңдешев атындағы мектептен Алдоңғаровтар отбасы, екінші орын Жұмасалиховтар отбасы аудан орталығындағы №3 қазақ мектебінен, үшінші орын Дидар Жәрдемғалиевтар отбасы Айдархан мектебінен және Жанкелдин мектебінен Халеловтар отбасы ие болды.

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары