Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың белгісі

Ғалымдардың зерттеуі бойынша жазу мәдениеті қалыптасқан уақыттан бері қазақ халқы он алты әліпбиді қабылдаған екен. Жаңа әліпби тіл тарихы бай қазақ халқы үшін ана тілінің табиғи қалпын қайта жаңғыртудың жолы деп қараған абзал. 

Ғалымдардың зерттеуі бойынша жазу мәдениеті қалыптасқан уақыттан бері қазақ халқы он алты әліпбиді қабылдаған екен. Жаңа әліпби тіл тарихы бай қазақ халқы үшін ана тілінің табиғи қалпын қайта жаңғыртудың жолы деп қараған абзал. Жаңа әліпби туралы ұсыныс тәуелсіздік алған жылдары көтерілгенмен, ол кездегі халықтың хал-ахуалы әлеуметтік, материалдық, моральдық жағынан қолдауды керек етті. Бірінші кезекте кең байтақ жерді алып жатқан елді бытырадай шашыратып алмай, шаңырағын шайқалтпай сақтап қалу керек болды. Елбасының көреген саясатымен тиісті реформалар қолға алынып, халқымыз сатылай дамудың жолымен бағыт алды. Енді, міне, есімізді жиған уақытта жаңа әліпбиге көшу мәселесіне де келіп жеттік. 
Қазіргі таңда латыннегізді әліпбиге көшу жұмыстары жан-жақты жүріп жатқанын заңдылық деп қабылдайтын болдық. Осыған орай аудан әкімдігі «Жастар ресурстық орталығында» облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғыру мен ұлт тұтастығының негізі» атты семинар өткізілді. 
Семинар барысында латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді меңгерудің маңыздылығы туралы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ұлттық комиссияның мүшесі Қасиет Молғаждаров және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Күлзинат Қарымбаева түсіндірді, сауалдарға тұщымды жауап берді. «Латын графикасын үйретудің оқу-әдістемелік кабинетінің» жетекшісі, лингвист Балмира Мырзабева семинарға қатысушылармен «Латыннегізді қазақ әліпбиі: сауаттылық негіздері» атты тренинг жүргізіп, емле ережелерін қолданудың ерекшеліктеріне тоқталды. 
Семинарға жас мамандар, әртүрлі сала басшылары мен қызметкерлері қатысып отырды. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары