Тіл–ақылдың өлшемі

Сәуір айының 2 жұлдызында ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан ашылған ағылшын тілін оқыту курсы соны бастамалардың бір парасы. Курстың мақсаты  үш тұғырлы тіл саясаты бойынша мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тілін меңгеруге және үйренуге дайындайды.

«Үш тұғырлы тіл» саясаты – елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. «Тіл – ақылдың өлшемі, ұлттың жаны» – деген ұлы даналардың сөзіне сүйенер болсақ, елдің елдігін де, бірлігін де айқындайтын тіл екендігі белгілі. Елбасы Н.Назарбаевтың үш тұғырлы тіл саясатының астарында ел азаматтарының мемлекеттік тілді білу ғана емес, өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін басқа тілдерді де меңгеру міндеті тұр. Елбасының осынау арабдал саясатын және еліміздегі тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өңірімізде игілікті жұмыстар қолға алынып келеді. Сәуір айының 2 жұлдызында ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан ашылған ағылшын тілін оқыту курсы соны бастамалардың бір парасы. Курстың мақсаты  үш тұғырлы тіл саясаты бойынша мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тілін меңгеруге және үйренуге дайындайды. Оның алғашқы сабағын аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Р.Түсіпбеков құттықтау сөзбен ашты. Бөлім басшысының айтуынша бұл курс, ауданымызда жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып, тегін оқытылады. Өткен жылы курстан 15 мемлекеттік қызметшілер дәріс алса, биылғы курсқа жазылғандардың саны 40 адам. Оқыту жұмыстары К.Байсейітова атындағы  жалпы білім беретін тірек мектебі базасында жүргізіледі. Ағылшын тілі – әлем елдері арасында кеңінен тараған, қолданыстағы тілдердің бірі. Қазіргі заманғы жаңа техналогиялардың тілін түсіну үшін де, осы пайдалана білу  де осы ағылшын тіліне келіп тіреледі. Сондықтан үш тілді меңгеру заман талабы. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары