РӘМІЗДЕРМЕН МАҚТАНАМЫН

3 маусым күні Есіл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Рәміздермен мақтанамын» атты бейне-қонақжай өтті.

Бұл іс-шараға қорғаныс бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шара басында жүргізуші рәміздер туралы толық ақпарат берді. Одан әрі қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беріп отырды. «Сандар сыр шертеді» атты келесі сайыста да қатысушылар өз білімдерін көрсете алды. Енді қатысушыларға «Байрақ», «Әнұран» және «Елтаңба» сөздеріне сөз құрау тапсырмасы берілді. Үш топқа бөлінген қатысушылар бұл тапсырманы да мүдірместен орындап шықты. «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі безендіріліп, оған библиографиялық шолу жасалды. Шара соңында ұжым басшылары өздерінің тілек-ниеттерін білдіріп, ертеңгі рәміздер күнімен құттықтады. 

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары