Мәдениет

Ардагерлерді құттықтады

9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні аудан әкімі Бейбіт Исманов аудандық мәслихаттың хатшысы Берік Жанахметов, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Қазбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Армия Әбілқайыровтармен бірге  Ұлы Отан соғысының ардагерлері Константин Кубрак пен Петр Леонченколарды арнайы үйлеріне барып құттықтап, сый-сыяпаттар табыстады. 

16 мая 2018, 14:32
ӨМІРІ ӨНЕГЕ

Целиноград ауданының Новоишимка ауылындағы Агротехникалық колледжінде «Ғұмыр-дария» атты диалог алаңы ұйымдастырылды. Кездесудің қонағы Социалистік Еңбек Ері Сағила Әбдірахманқызы Есенжолова. Жиынды аудан әкімі Малғаждар Сәттарұлы Тәткеев ашып жүргізіп отырды.

16 мая 2018, 14:22
«Еңбек ардагері- құрмет төрінде»

Симферополь ауылының кітапханашысы Әйгерім Баядилованың бастамасымен,  жергілікті мектептің  7 сынып оқушыларының қатысуымен, «Еңбек ардагері - құрмет төрінде» тақырыбымен ұйымдастырылған   кездесуге  еңбек ардагері  Құрмаш Қаржасов   құрметті  қонақ  ретінде шақырылды. Мәдени-танымдық шара барысында  Құрмаш  ата  балаларға  өзінің  өмірі мен еңбек жолы туралы кең  көлемді  ақпарат берді

14 мая 2018, 09:51
Жеңіс Күні – өшпес ерліктің, даңқтың салтанаты

Жеңіс Күні... әртүрлі ұлттардан, миллиондаған адамдардан тұратын көптеген мемлекеттер үшін ең маңызды, ең  ұлы мерекелердің бірі болып табылады. Осы елдердің тұғындары  Жеңіс күнін 73-ші рет атап  өту, әлемді  ең  қатерлі  зұлымдықтан  құтқарып қалған әкелері мен аталарына, таныс-бейтаныс жауынгерлерге  құрмет көрсетіп, тағзым жасау  мақсатында көшелерге, алаңдарға,  демалыс  алаңдарына, басқа да   қасиетті жерлерге шығады. Тағдыр сағаты келіп, Отан көмекке шақырғанда олар бір адамдай елдерін  қорғауға  көтерілді.  Жастар және егде тартқан тұрғындар, ерлер мен әйелдер, туған жердің әр бөлігін басқыншылардан   қорғауға  шықты, тылда аянбай еңбек етіп,  майдан даласындағы  жауынгерлерге   жеңісті жақындатуға  атсалысты. Олар марапат, даңқ үшін емес  еліміздің бостандығы, болашақ  ұрпақтың аспаны ашық болуы  үшін күресті...

14 мая 2018, 09:48
АБЫЛАЙ ДӘУІРІНІҢ АЙНАСЫ

Бұқардай жырауы ғұмыр кешкен қазақ ғасырын – тарихтағы дана дәуір дер едім...

11 мая 2018, 16:33
БАҚЫТЫ ЕР ЖІГІТТІҢ ЕЛ ІШІНДЕ

Белгілі қоғам қайраткері, өлке тарихында із қалдырған тұлға Мәкен Төрегелдиннің туғанына биыл 95 жыл толды. Ұлытау-Жезқазған өңірінің 3,5-4 мың жылдан бері үзілмей келе жатқан индустриялық мәдениетін жинақтап, өзі іргесін қалаған музейге 2015 жылы Мәкен ағаның есімі берілді. «Сарыарқа» оқырмандарына Мәкен Төрегелдиннің ең соңғы жазбасын ұсынып отырмыз. Мақала 2006 жылы 24 шілдеде облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде жарияланды. Сол жылы желтоқсанда Мәкен аға дүниеден өткен еді.

11 мая 2018, 14:39
Дін тақырыбында пікір алмасты

Қарағанды облыстық дін істері басқармасының тапсырысымен Жезқазғандық журналистер мен белсенді әлеуметтік желі қолданушыларына арналған семинар өтті.

11 мая 2018, 14:28
есте сақтаймыз, мақтан тұтамыз, тағзым етеміз

Явленка ауылында Ұлы Жеңіс күнін атап өтті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына арналған салтанатты митинг «Болашақ» орталық саябағында болды. Іс-шараға аудан тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен аудан орталығы ұйымдарының еңбек ұжымдарының өкілдері жиналды. Есілдіктерді осы айтулы күнмен құттықтауға аудан әкімі Мұратбек Әбішев келді.

11 мая 2018, 11:54
Майдангерім, ерлігіңе мақтанам! Дүниені зұлымдықтан сақтаған.

9 мамыр күні елімізде Жеңіс күні атап өтілді. Адамзаттың басына төнген алапат соғыстың аяқталғанына биыл 73 жыл толып отыр.

9 мая 2018, 16:30
Тіл білу – заман қажеттілігі

Елбасы Н.Назарбаев 2006 жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. 2007 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» атты жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынған болатын. Қазақстандағы бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Ол үшін мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі, ұлтаралық тіл-орыс тілі, бүкіл әлемдік экономикаға кірігу тілі-ағылшын тілі деген маңыздылықпен «Тілдердің үштұғырлығы» жобасы қолданысқа еніп отыр.

4 мая 2018, 19:48