Мәдениет

Бейбіт күн жасасын
№2 «Шағала» бөбекжайында «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты Отан қорғаушылар күні және жеңіс күні мерекесіне орай бөбекжай тәрбиеленушілері мен ұжым қалалық «Мәңгілік алау жанында» мерекелік іс-шара өткізді.
23 мая 2019, 21:52
Ынтымақ – достық кепілі
Осынау достықты бейнелейтін мейрамымыз – 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектебімізде «Ынтымақ - достық кепілі» атты концерттік шара оздырылды.
23 мая 2019, 21:48
ҮЗДІКТЕРГЕ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СЫЙЛЫҒЫ

Қарағандыда мәдениет пен өнер саласының үздіктері өздерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімінің сыйлығына ие болды. Бірнеше жыл қатарынан бұл сыйлық мәдениет мамандарына қалың қауымға танымал болған және кәсіби тұрғыда жетістіктерге жеткені, облыстың мәдениеті мен өнерінің сақталуына жеке үлес қосқаны, кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіргені және мәдени саланың дауына қосқан үлестері үшін табысталып келеді. Биыл комиссия 22 лауреатты таңдады.

22 мая 2019, 20:49
Пернебай Дүйсенбин оқулары

Пернебай Дүйсенбин – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, елімізге белгілі қарымды қаламгер. Ол қазақ әдебиетінің, журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан. Биыл балалар жазушысы 76 жасқа толып отыр. Осы мерейлі датаға орай аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығында» әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасында «Пернебай Дүйсенбин оқулары» аудандық байқауы өтті.

22 мая 2019, 14:07
Белгілі қаламгерлердің шығармаларын оқыды

Жыл сайын үзбей өткізіліп келе жатқан «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы» аясында Мәдениет үйінде әдеби іс-шара өтті.

22 мая 2019, 13:59
Абыз актердің батасын алған Азат

Жуырда өңірімізге гастрольдік сапармен келген «Astana Musical» мемлекеттік театры ұжымы өнерсүйер көрерменге қазақ фольклорының інжу-маржаны – «Қыз Жібек» қойылымын ұсынып, көне мұрамызды жаңғыртты.

17 мая 2019, 16:41
Өнер қырандары

Қазақта «Сайына қарай саласы, Әкесіне қарай -баласы» деген мақал бар. Әкенің ізгі жолын жалғастырушы ДінЗухра Тілендиева бүгінгі таңда  бұл дәстүрді жалғастырып отырған бірден-бір қазақ қызы.

15 мая 2019, 16:30
«Өлеңім – өнерім, әнім – әлемім» атты жас ұстаздар арасында байқау өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, ақындық өнерін шыңдау және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрып һәм халық әндерін насихаттау, сондай-ақ, жастардың қазақ әдебиеті мен өнеріне қызығушылығын арттыру, жас ұстаздар арасында жаңа таланттар мен шығармашыл ұстаздарды анықтау мақсатында қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен И.Журба атындағы жалпы орта мектебінде «Өлеңім – өнерім, әнім – әлемім» атты байқау болып өтті. Оған 29 үміткер қатысты.
13 мая 2019, 09:11
Атыраудағы автокөліктер пен мотоциклдер шеруі

Атырауда 9 мамырда өткен жарысқа 80 авто мен мотоцикл қатысты.

10 мая 2019, 17:29
Республикалық би байқауынан жүлдемен оралды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында өткен «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауында қалалық мектеп оқушылары жеңіске жетті.

8 мая 2019, 19:11

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары