Мәдениет

Қазақтың бас ақынына арналды

«Біздің француз елінде Абайға тең келер ақын жоқ. Болған да емес. Абайдың туындылары ХIХ ғасырдың ең үздік классигіне жатады», – деген француздың белгілі ақыны Луй Арагонның пайымды пікірінен ұлы ақынның ұлылығын аңғару қиын емес.

15 февраля, 09:27
Ұлттың өресін өсіруді көздеген ойшыл

Абай – біздің ұлттығымыздың, мемлекеттігіміздің, руханиятымыздың, мәдениетіміздің үлгісі. Абай дегенде, ең әуелі, ұлттық болмысымыз еске түсері заңды. Ал, ұлттық мұраларымыздың заманауи жаңашыл үрдістермен сабақтасуы біздің ұлттық мемлекет ретінде тамырымыздың терең, бұтағымыздың биік болуына кепіл. Осы тұрғыдан келгенде, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында атап көрсеткендей, Абайды айналып өте алмайтынымыз анық. Абайдың өлеңдері мен қара сөздеріндегі терең философиялық пайымдар мен толғамдар халықтың болашағы мен кемелденуін, әлемдік деңгейде терезесі тең ел болуын көксеген ұлы мақсаттан туындаған.

12 февраля, 10:16
Таққа да бермес тағдырым еді өлеңім

Қозы-лақ баққан даланың ұлы мен едім,
Таққа да бермес тағдырым еді өлеңім.
Бұл – Ащыбұлақ ауылының тумасы, аудандық және облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы Алмаз Мырзахалықовтың «Қаланың қызы» атты өлеңіндегі дара жолдардың бірі. Әсілінде, жыр бұлағын селдеткен сара сөздің иелері, яғни, ақындар, көбіне сана сүзгісінен сараланып алынған саф туындыларын жауһар жырларына қосып, көркемдеп жеткізудің хас шебері. Сөзден сарай салған туындылары мен өлеңдерін естігенде қайран қаласың. Дарындылығына тәнті боласың.

5 февраля, 09:37
Оқушылар сынға түсті

 Таяуда Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі Сандуғаш Әуелбаеваның ұйымдастыруымен 1-2-сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты сайыс ойыны өтті. 

5 февраля, 09:36
Абай арқылы әлемге танылдық

«Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы» деп Зәки Ахметов айтқандай,  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жыл «Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл» деп жарияланды. Бұл бастаманы барша қазақ халқы қуана құптады.

5 февраля, 09:30
Мерейтойлық іс-шаралар жоспары пысықталды

БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңының баспасөз мәслихатында облысымыз бойынша кең ауқымда аталып өтілетін мерейтойларға байланысты іс-шаралар жоспары талқыланды.

4 февраля, 18:50
Шоқтығы биік нар тұлға

Француздың атақты ақыны Луи Арагон «Біздің французда Абайға тең келер ақын жоқ. Болған емес. Оның шығармалары ХІХ ғасырдың ең үздік классикасына жатады» деген екен.

1 февраля, 09:19
Мектеп түлектерімен кездесті

Адам өмірінде қарым-қабілеті жеткен мамандықты игеріп, зор жетістікке жету жолында түрлі қиындыққа кездеседі. Қалаған мамандыққа деген іңкәрлігі оянып, жан-тәнімен беріле орындаған жағдайда үлкен асуды бағындыратыны сөзсіз. Бәсекеге қабілетті болудың алдыңғы шарты өзің айналысатын жұмыстың қыр-сырын игере отырып, жаңадан тың идеяға ерік беру – құптарлық дүние. Бүгінде қоғамның әрбір мүшесі талай мамандықтың тізгінін ұстап, қатарластарының арасында оқ бойы озық тұруды қалайды. Үнемі жарқын келешегінің кепілі ретінде үздіксіз ізденуді тоқтатпайды. Міне, осындай табандылығымен халық арасында етене таныс мамандық иелерінің еңбегі өлшеусіз. Мектеп қабырғасында жүрген әрбір жастың көкейінде жоғары білімді, белгілі бір мамандық иесі атануға деген құлшыныс зор екенін аңғарамыз.

29 января, 09:32
Оқушылар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Жуырда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қазақстанның жеті кереметі» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Аталмыш кітапхананың кітапханашысы Гүлбағира Сүлейменова мен Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы Роза Сәрсенбаеваның ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты – оқушыларды Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, өз елінің патриоты болуға, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, ойын арқылы ынтымақтастық орта қалыптастыру.

25 января, 11:20
Жыр алыбын жырлады жас ақындар

Таяуда аудандық Мәдениет үйінде «Жамбыл – менің жәй атым, Халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңі өтті. Аудандық іріктеу кезеңіне дейін жауһар жырды жолдас еткен ақындар ауылдық округтерден сараланып алынып, ауданға жолдама алған болатын. Ал, бүгінгі жыр аламанында оза шапқан айтыскерлер ақпан айында өтетін облыстық сөз барымтасында ақындық тегеуріндерін көрсетпек.

25 января, 11:19

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары