Мәдениет

Мәңгілік Ел – жарқын болашақтың бастауы

«Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» бағыты бойынша Әйтеке би, Қызылдихан, Донда Сенбин орта мектептерінің 8-9 сынып оқушы – көшбасшыларының арасында «Мәңгілік Ел – жарқын болашақтың бастауы»  атты  тақырыпта  дөңгелек үстел өткізілді.

4 мая, 11:02
Бірлік пен татулық-береке бастауы

Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Тілі басқа тілегі, түрі басқа жүрегі бір, төскейде төлі, төсекте басы қосылған ұлттар мен ұлыстардың құт мекенді Отаны. Бейбіт күні аспанында қыраны қалықтаған, ана тілімізде әнұраны шарықтаған, достық туын желбіреткен айбыны асқақ елміз. Аттың жалы, түйенің қомында өсіп, досқа құшағын айқара ашқан бабаларымыздың өміршең әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келеді. Ұлтымыздың ұлылығы, тегіміздің тектілігі ынтымақ-достықта, береке-бірлікте екенін өмірдің өзі дәлелдеді.

4 мая, 10:11
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫНА АРНАЛДЫ

Орта Азияны мекендеген біртұтас түркі халқы орта ғасырларда түрлі ұлыстарға бөліне бастады. Ең соңғы болып өзбек, қазақ, ноғай ұлттары жеке-жеке мемлекеттерге айналды. Өзбек ұлты бүгінде республикамызды мекендейтін 7 ірі этностың біріне жатады. 2019 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы болып белгіленді. Өзбек басшысы осы сәтті пайдаланып, Өзбекстанның көпұлтты халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа елдер арасындағы тату көршілік пен достықты нығайтуға қосқан баға жетпес үлесі, сондай-ақ, Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналған шараларды естен кетпестей әсерлі өткізгені үшін шын жүректен алғыс айтты.

3 мая, 10:33
ТУҒАН ЖЕРІМ КӨРКЕЕ БЕР!

Петровка ауылдық округінің базасында Есіл ауданының ардагерлердің бастауыш ұйымдарының төрағаларымен ««Рухани жаңғыру» ұлттық жобасындағы міндеттерді жүзеге асыру және «Болашаққа бағдар» атты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласындағы идеяларды өмірде іске асыру бойынша ауданның ардагерлер активінің жұмысы туралы» тақырыбы бойынша аудандық семинар-кеңес өтті.

3 мая, 10:26
БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

Біздің республикамыздың халқының даналығы мен төзімділігі жас тәуелсіз мемлекеттің барлық азаматтарының бірлігінің, достығының, бейбіт өмірі мен келісімінің негізі болып табылады. Республикада 1332 этномәдени орталық қызмет етеді, бұл Қазақстанның еліміздің барлық тұрғындары үшін туған үйі болып табылатындығының куәсі болып табылады.

3 мая, 10:06
ТІЛЕК ОРЫНДАЛДЫ

9 сәуірде Двинск ауылында аудан әкімі Ербол Сағдиевтың қатысуымен өткен жиында ауыл тұрғындары клуб ашу туралы сұрақты көтерген болатын. Клубқа арналған ғимарат бар. Тек ағымдағы жөндеуді жасап, музыкалық аппаратура алу ғана қажет.

3 мая, 09:53
Ұлағатты ұстаз ұлықталды

Жуықта «Парасат» мектеп-лицейінде «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері, ардагер ұстаз, көптеген кітаптардың авторы Ботагөз Ғалиеваның шығармашылық кеші болды. Аталмыш шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Кешке Ботагөз Жағыпарқызының балалары, немерелері, құрбы-құрдастары, достары мен әріптестері жиналды.

2 мая, 19:29
БЕРЕКЕ БАСТАУЫ БІРЛІКТЕ

Қазақстан халқының бірлігі күнін қызылжарлықтар кең көлемде атап өтті. Бұл күні ән де шырқалды, би де биленді. Әртүрлі спорттық ойындар ойнатылып, бірқатар азаматтар марапатқа ие болды.

2 мая, 19:21
Қолөнер ‑ сырлы өнер

Қолөнерді қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі десек, қателеспейміз. Атадан қалған өнерді өлтірмей, осы күнге дейін жалғастырып келе жатқан қолөнер шеберлері Жамбыл ауданында да  баршылық.

30 апреля, 15:19
Көзімнің ағы мен қарасы атты егіздердің танымдық бағдарламасы Арыс қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылып, ауқымды жобаның тұсауы кесілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен киелі шаһарымызда тұңғыш рет «Көзімнің ағы мен қарасындай» атты егіздер арасында ауқымды жобаның тұсауы кесілді. Мақсаты – бүгінгі қоғамда отбасының мәртебесін арттыру, өмірде сирек кездесетін құбылыс – егіздердің дүниеге келуін дәріптеу, ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты насихаттау, демографиялық өсімнің тәрбиелік мәнін ашу, жас аналарды ынталандыру.

29 апреля, 15:46

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары