Мәдениет

Сахнада — ұстаз-аналар

«Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» ана туралы ән де, жыр да, жылы сөз де таусылған ба?! Таусылмағаны сол, халықтың «Әке ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» деген тәмсілі, ақын Оспанәлі Иманәлиевтің:
– Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса,
Көктемдей құлпырдың, – деген сөзіне сазгер Ескендір Хасанғалиевтің жазған әні сол аналарды бақытқа кенелтіп тұрғандай.

11 марта, 10:10
Бас жүлде олжалаған Маржан қыз

Өнер жас таңдамайды. Тал бойыңда өнер тұнып тұрса, сахнаға шығып ән әуелетіп, күй күмбірлете бер.
Соңғы жылдары ауданымызда әсіресе, мектептерде таланттылардың қатары көбейіп келеді.

7 марта, 09:29
Көрермен көңілін көркем етті

Көңіл тербейтін әсерлі әуен, әсем безендірілген сахна, тал бойына бар сұлулықты жинаған, дидары көктегі күнмен, жердегі гүлмен таласқан, көркі көзді арбайтын, хас сұлулардың сымбатын, қазақ қызына тән әдебін сақтауы, ұлттық бейне бүгінгі байқаудың ажарын аша түскені даусыз.

7 марта, 09:28
Абайтанушылар — білім ордасында

Абай Құнанбайұлы – өз заманының парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман қайшылықтарын шешуге де бағыт-бағдар берген биік тұлға. Ақынның адамгершілік мұраттары тек өлеңдерінде ғана емес, қара сөздерінде де терең философиялық көрініс тапқан.

7 марта, 09:25
Даналықты дәріптеген байқау

Қазақ халқының ұлы классигі, кемеңгер ойшылы, данышпан ақыны, әдебиеттің сара жолындағы алынбас қамалдың кілтін келешек ұрпаққа аманат етіп, поэзия есігін айқара ашқан Абай Құнанбайұлы білімге құштар болып өсті. 

7 марта, 09:22
ӘЖЕЛЕР – ӨМІРДІҢ АЖАРЫ

Жуырда «Сәуле» бөбекжайында жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеп отырған әжелер сынға түсті.

4 марта, 09:48
Жүлделі орындарды иеленді

Шынайы талант өзін өнерімен танытады. Алтыннан темірдің, күмістен жездің бәсін арттыратын да осы киелі қазына. Өнер ұлы болмай, ұлт та ұлы болмайды. Жастайынан өнерге бет бұрған өнерлі өрендерден болашақта елге танымал өнер иелері шығып жатады. Сол жас өнерпаздарды қолдау, елге таныту, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын түрлі деңгейдегі байқаулардың маңызы зор.

29 февраля, 12:53
Үздіктер облысқа жолдама алды

«Мәдениет пен дәстүр – ұлттың генетикалық коды» деген тұжырым санамызда қалыптасып үлгерді. Ал, өнер, білім – ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау жолындағы құндылықтарымыз. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мәйекті ойдың төңірегінде өрбіген өнегелі жоспар екені баршаға аян.

29 февраля, 12:49
Абай мұрасы — халық ұлағаты

Жуырда аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. 

29 февраля, 12:48
Аймақтық байқау өтті

Бейсенбі күні Бірлесу-Еңбек орта мектебінде жүзге жасы жеткенше жүрегінен жыр саулаған Жамбыл Жабаевтың 174 жылдық мерейтойына орай «Жыр жыршысы – Жамбыл» атты аймақтық байқау өтті. 

29 февраля, 12:45

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары