Мәдениет

Жүлделі орындарды иеленді

Шынайы талант өзін өнерімен танытады. Алтыннан темірдің, күмістен жездің бәсін арттыратын да осы киелі қазына. Өнер ұлы болмай, ұлт та ұлы болмайды. Жастайынан өнерге бет бұрған өнерлі өрендерден болашақта елге танымал өнер иелері шығып жатады. Сол жас өнерпаздарды қолдау, елге таныту, ұлттық өнерімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын түрлі деңгейдегі байқаулардың маңызы зор.

29 февраля, 12:53
Үздіктер облысқа жолдама алды

«Мәдениет пен дәстүр – ұлттың генетикалық коды» деген тұжырым санамызда қалыптасып үлгерді. Ал, өнер, білім – ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау жолындағы құндылықтарымыз. Бұл Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мәйекті ойдың төңірегінде өрбіген өнегелі жоспар екені баршаға аян.

29 февраля, 12:49
Абай мұрасы — халық ұлағаты

Жуырда аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. 

29 февраля, 12:48
Аймақтық байқау өтті

Бейсенбі күні Бірлесу-Еңбек орта мектебінде жүзге жасы жеткенше жүрегінен жыр саулаған Жамбыл Жабаевтың 174 жылдық мерейтойына орай «Жыр жыршысы – Жамбыл» атты аймақтық байқау өтті. 

29 февраля, 12:45
Сахнада — мемлекеттік қызметшілер

Таяуда аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі аппараты мен аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» атты мемлекеттік қызметшілер арасында мәнерлеп оқудан аудандық байқау өтті. 

29 февраля, 12:43
Ұлттық құндылықтардың ұлығы

Абай Құнанбайұлының «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас» деген өлең жолдарынан ақынның тілге деген риясыз махаббаты сезіледі. 

26 февраля, 09:33
Табиғат туралы толғаған музыкалық композициялық кеш

Құстар – табиғат атаулының бөлінбес бір бөлшегі. Табиғатқа сән беріп, аспанға көрік сыйлап, күллі болмыс-жаратылысымен ғажайыптар әлеміндей көрінетін құстар әдемілігімен, сұлулығымен тамсандырары сөзсіз. Құстарға байланысты теңеу сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері де аз емес. Ғалымдардың айтуы бойынша, Қазақстандағы құстардың түрлері алты жүзден асып жығылады екен.

19 февраля, 11:41
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының ұлы ақыны, аяулы перзенті. Абайдың сөз өнері мен білімге деген ыждаһатының ерте оянуына негізгі себепкер – әжесі. Зере әжесі Абайға тарих қойнауында қалған рухани құндылықтарды Абайдың бойына сіңіріп, ізгілікке жетелеген қазыналы қария болған.

19 февраля, 11:37
Аудандық семинар өтті

Жуырда Абай атындағы орта мектепте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай аудан әкімдігі білім бөлімінің бастамасымен «Абай – әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны» атты аудандық семинар болып өтті. 

19 февраля, 11:36
Қазақтың бас ақынына арналды

«Біздің француз елінде Абайға тең келер ақын жоқ. Болған да емес. Абайдың туындылары ХIХ ғасырдың ең үздік классигіне жатады», – деген француздың белгілі ақыны Луй Арагонның пайымды пікірінен ұлы ақынның ұлылығын аңғару қиын емес.

15 февраля, 09:27

Сіздің аймағыңыздың жаңалықтары